Top
a

Оқушыларымыз «Әнші дауысы» байқауына қатысты

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиев атындағы IV қалалық «Әнші дауысы» дәстүрлі әншілер байқауына оқушыларымыз қатысып, төмендегі орындарға ие болды:

Кәусар Абдувахиб — 1 орын

Асылжан Базарбек — 3 орын

Жетекшісі: Мейрхан Нұржан

Құттықтаймыз! 

Ғарифолла Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. «Бүгінгінің Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Халықтың сүйіп тыңдайтын теңдесі жоқ екпінді дауысты әншісі болды.