Top
a

Оқушыларымыз республикалық байқаудан жүлделі қайтты

Желтоқсан айында Қарағанды қаласында онлайн IX ашық Республикалық «Өркен» балалар бейнелеу өнері және сәндік қолданбалы өнер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты балалардың көркемдік шығармашылығын дамыту, дарынды балаларды анықтау және қолдау. Сонымен қатар, педагогикалық және шығармашылық тәжірибе алмасу.

Кәсіби суретшілер, бейнелеу өнері оқытушылары, мұражай өкілдері қазылық еткен байқауға «Арт-Тұмар» сәндік қолданбалы өнер орталығының сурет сыныбының оқушылары қатысып, төмендегі орындарға ие болды.

І орын-Ахметжан Айгерім

І орын-Атымтай Даниял

ІІ орын-Жалимьаева Ясмин

ІІІ орын-Тимурқызы Анеля

ІІІ орын-Жақсылық Іңкәр

ІІІ орын-Мусалимова Амира

ІІІ орын-Қарасай Нұрлыайым

Турсынбекова Азиза,Қайырбек Айсана,Айтжанова Айханым,Ғайнулла Ақбике,Асылбек Ақбөпе,Төлеубек Жәнібек қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды.

«Арт-Тұмар» орталығында білімін шыңдап, биіктерден көрініп жатқан барша оқушыларымызды құттықтаймыз!

Жетекшілері: Р.Алимгазина, М.Жоламанова.