Top
a

Оқушыларымыз Дәстүрлі әншілер байқауынан жеңіске жетті

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиев атындағы IV қалалық «Әнші дауысы» дәстүрлі әншілер байқауына оқушыларымыз қатысып, төмендегі орындарға ие болды:

Асыл Қуанышева — 1 орын

Нұрай Жақсылық — 2 орын

Жетекшісі: З.У. Жакешова

Асиана Амантай — 3 орын
Кәусар Сейсембек — 3 орын

Жетекшісі: Ақерке Дабылова

Құттықтаймыз! 

Айта кетерлігі, Ғарифолла Құрманғалиев – ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы. «Бүгінгінің Мұхиты» атанған, ондаған жылдар бойы ол жалғыз өзі Батыс Қазақстанның көне де жоғары дәрежеде дамыған вокалды-аспаптық дәстүрін паш еткен. ХІХ ғасырда эпикалық кең тынысты әннің асқан шебері болған Мұхит мұрасын жеткізген де Ғарифолла Құрманғалиев болатын. Халықтың сүйіп тыңдайтын теңдесі жоқ екпінді дауысты әншісі болды.