Top
a

«Наурыз-жыл басы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін №2 өнер мектебінде Астана қаласы  Білім басқармасы және Астана қаласы № 2 өнер мектебі ұйымдастырған республикалық «Наурыз-жыл басы» байқауы өтті. 

Байқау өткізудегі мақсатымыз: Оқушыларды төл мерекеміз Наурыздың шығу тарихымен таныстыру, көктем мезгілінің әсем табиғатын өз сезімімен жеткізе біліп, терең ойлауға үйрету,елінің тарихымен таныстыру және халқының  салт –дәстүр, әдет –ғұрпын дәріптеуге баулу. 

Байқауымызға қатысуға еліміздің барлық облыстарынан 140-тан астам өтінім түсіп, іріктеуден 52 жұмыс  негізгі байқауда қаралды.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарымыз анықталып, арнайы дипломдармен марапатталды.