Top
a

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып. Сабақ № 5

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып.

Сабақ № 5

Тақырыбы: Әуен.

Әуен, гректің melodia- ән айту, ән, әуез сөзі.

Әуен- музыкалық шығарманың негізі болып табылады, ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Әуен шығара білу- композитордың дархан дарыны.

Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік (образдық) мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекті жақтарын топтастырады.

Әуендік қозғалыс бағытының әртүрлі құрылымдары ішінен барынша кең таралғандары:

  1. 1.                Интервалдық секірістерден тұратын әуендер;
  2. 2.                Әуендік толқынмен айқын көрінген әуендер;
  3. 3.                Бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер;                                                   

Әуен дамуының ең жоғары сатысы- оның шиеленісуі шыңы, кульминация- шың деген мағынаны білдіреді.

Тапсырма: тақырыпты дәтперге түсіріп, ережелерді жаттау.