Top
a

Мектебімізде «Күй -Ғұмыр» концерті өтті

Бүгін мектебімізде Алғыс айту мерекесіне орай ұстаздарымыз Айзере Жолдыбекова және Бауыржан Құрметбекұлының «Күй -Ғұмыр» атты шығармашылық концерттері өтті.

Концертте қылқобыз және домбыра аспаптарына арналған халық күйлері, халық композиторларының күйлері орындалып, әсем ән де айтылды.

Іс-шара тәлім-тәрбиеге толы, ұлттық өнерімізді ұлықтаған жоғары деңгейде өткен кеш болды.

Бауыржан мен Айзере ұстаздарымызға мың алғыс. Өнердің биігінен көріне беріңіздер демекпіз!