Top
a

Кәсіби дайындық сыныбы. Сахна тілі. 4-тоқсан. Сабақ № 3

Тақырыбы:Дауыс ырғағы  мен қуаттылығын қалыптастыру, дауыс мүмкіндігін пайдалана білу

Дауыс ырғағы  мен қуаттылығын қалыптастыру,  дауыс мүмкіндігін пайдалана білу үшін,  дұрыстап тыныстау қажет. Және дауысты күшейту немесе бәсеңсіту, сөз ырғағын жылдамдату немесе баяулату, үннің әуезділігі мен  дауыс сапасын арттыру сияқты жаттығу кезінде, ести білу қабілетіңе баса назар аударылады.

Қоңыр, әдемі дауыс — бұл ең алдымен дұрыс дем алудың арқасы. Демек, демді дұрыс алу керексің.

Есіңізде болсын, үнемі мұрынмен дем ал. Ауыз арқылы тыныс алу әдеті адам ағзасына өте зиянды: бұл қалқанша безінің, бүкіл тыныс алу жүйесінің ауруларына әкеледі. Мұрынмен тыныс алу жұтқыншақ пен өкпелерді суық ауа мен шаңнан қорғайды, өкпелерді жақсы желдетеді, ортаңғы құлақтың қуысы, мидың қан тамырларына жағымды әсер етеді. Күнделікті өмірде және тыныс алу жаттығуларын орындау кезінде мұрын арқылы тыныс алу өте маңызды. Мұрынның дұрыс демалуы мен тыныс алу жаттығуларының адам өміріндегі рөлі орасан зор. Тыныс алу гимнастикасы жоғарғы тыныс жолдарының аурулары (мұрынның ағуы, ларингит, фарингит, бронхит), бронх демікпесі, неврозды емдеудің тиімді әдісі ретінде сәтті қолданылады. Сау адамдар тыныс алу жаттығуларын көптеген аурулардың алдын-алу үшін қолдана алады.

Тапсырма:

Мынадай машықтау жаттығулар  жасаймыз.

Тұрысыңыз нақты және тізу болу керек. Қолыңыз іш пен кеуде клеткасының арасында, дем алған кезде алақаныңызбен  ауаның толық жиналғанын сезуіңіз керек. Бірақ иығыңыз көтерілмеу керек.

Үстіңгі ережедегідей тұрысқа тұрыңыз  ауа толғаннан соң :

1.      ТССССССС (Созып ауа шығарамыз)

2.      БЗЗЗЗЗЗЗЗЗ (Созып ауа шығарамыз)

3.      СУФФФФФ (Созып ауа шығарамыз)

Үстіңгі ережедегідей тұрысқа тұрыңыз  ауа толғаннан соң :

Асықпай 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10-11-12-13-14-15-16-17-18-19-20-21-22-23-24-25-26-27-28-29-30 дейін санап, ауаны барынша үнемдеп асықпай шығару керек 

4.      Қолды созамыз да, екі қолды айқастырамыз.(қол айқасқанда дем аламыз, созғанда дем шығарамыз)

5.      Екі аяқты кезек-кезек көтеру арқылы.

6.      Насоспен доп үреміз. Елестету арқылы

7.      Демді дұрыс алдық па? Тексереміз. Бір қолмен ішімізді ұстаймыз, екінші қолды жоғары көтеріп, демге ашып жабамыз.

8.      Бір қолмен ішімізді ұстап, екінші қолымызды аузымызга қарсы алыс ұстаймыз. (Дем салқын болу керек).