Top
a

Композиция негіздері 1-сынып

Сабақ № 2

Тақырып:Киімдегі стиль

 Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.

Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль.

Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.

Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).

Фольклорлық стиль(этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім түрлі халықтың және дәуірдің ұлттық рухы бейнелейді.

Мода және стиль бейнебаян:

kk.wikipedia.org › wiki ›, https://www.youtube.com › channel

Киім стилі

www.zkoipk.kz, https://www.google.com/search

Үй жұмысы: Әртүрлі стильдегі киім эскиздерін салу.