Top
a

«Арқа өңірінің ұлттық өнері»

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы№ 2 өнер мектебі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Республикалық С.Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған«Арқа өңірінің ұлттық өнері»байқауын ұйымдастырды.

     Байқаудың мақсаты – ұлттық өнерді оқушылар арасында кеңінен насихаттау, жас өнерпаздардың бойында мәдениетімізді және өнерімізді сақтау, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Бұл байқау ұлттық өнер арқылы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге, жас өнерпаздардың сахналық мәдениетін және эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етеді.

     Байқауға Қазақ Ұлттық Өнер университетінің «Актерлық шеберлігі және режиссурасы» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Досымхан Бейсенбаев, Нұр-Сұлтан қаласы  №2 Өнер мектебінің директоры, Білім ұясы: «Үздік мұғалім-2006» байқауының Бас жүлдегері, Ы.Алтынсарин атындағы, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» және «Адал тұлға» медальдерінің иегері Жангелді Гүлмира Жангелдіқызы, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің ән және эстрада ансамблінің бастығы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сахметова Марал Бисайынқызы, ҚР «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, ҚР Президенті оркестрінің халық музыка ансамблі дауыстар тобының концертмейстері Дүйсенғазиев Бақытжан Бисенбайұлы, «Өнерпаз өнер» орталығының басшысы Жакешова Зауре Уахитқызы, Нұр-Сұлтан қаласы  №2 Өнер мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Дуйсенова Назгүл Жетпісбайқызы, Нұр-Сұлтан қаласы  Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, суретшілер одағының мүшесі Жәйірбек Қайрат қазылық етті.

     Қазылар шешімімен «Ұлттық аспапта орындаушылар» номинациясы  бойынша Мамырбаев Абылайхан бас жүлдеге ие болды.
І жүлде Құсайын Дәмелі, II жүлде Рзаева Арина, Жанхан Ернұр, Қанафинова Дария, Утемисова Инзира, Мұхамед-Рахым Әлихан,
ІІІ жүлде Жанұзақ Назым, Құрман Айжан, Бисимбаева Азиза, Жакен Асылмұрат, Мұхамбетқалиев Әділ жүлдегер атанды.

«Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша бас жүлде Абдумуталипова Лаура,
І жүлде  Ғалымжан Әл-Азиза, ІІ жүлде Бекей Бақдаулет,ІІІ жүлдені Бурабаев Әлішер иеленді.

 «Көркем сөз» номинациясы бойынша бас жүлде Әбішева Айғаным,
І жүлде Мырзахмет Ақнұр, ІІ жүлде Усенова Альбина, ІІІ жүлде Нияз Әділет жүлдегер атанды.


«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша бас жүлде Баграмова Мерейге бұйырды. І жүлде Канахина Айсауле, Ахметжанова Рымжан, ІІ жүлде Қуанышбек Жания, Жумабекова Іңкәр, Жайлаубай Фарида, Ілияс Ажар, ІІІ жүлде Асхатқызы Айғаным, Тұрдалы Дариға, Барсова Сабина, Қайрат Таңшолпан, Тасжүрекова Нұрсая, Ивлякова Анастасия, Әділжан Ақниет жүлдегер атанды.
Байқауға қатысқан барлық қатысушылар дипломмен марапатталды. Қорытынды бойынша қазылар алқасы дарынды балаларға сын-пікірлер мен ақ тілектерін білдірді.