Top
a

«Quyrşaqtar älemı» атты қалалық байқаудың Ережесі

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасы,

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 Өнер мектебі» МКҚК

Қатысушылар: Нұр-Сұлтан қаласы  жалпы білім беру мектептерінің оқушылары. 5-10 сыныптар қатысады.

Мақсаты мен міндеттері:

-Білім алушыларда белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру;

-Оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа, қамқорлық жасауға тәрбиелеу;

-Оқушыларды сәндік-қолданбалы өнерге тарту және дамыту;

Конкурс төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. Қазақ ертегілері мен мультфильмдерінің кейіпкерлері

2. Жануарлар (қонжық, есек, құлын, түйе т.б , ұлттық киімнің элементтері болу керек)

3. Жұмсақ жастықтар, ойыншықтар (қазақша оюларымен)

Қолданылатын материалдар:

— экологиялық таза материалдар, жүн, хб материалдар, трикотаж маталар және т. б;

— жұмсақ ойыншықтарды оқушылар өз қолдарымен жасау керек;

Ілеспе хат міндетті түрде болу керек (ойыншықты ұсынған мекеменің, ұйымның атауы және сыйға тартушының Тегі, Аты, Әкесінің аты, жасы жазылу керек.)

Байқау қорытындысы:

— Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады;

— Қалған қатысушылар қатысқаны үшін дипломдармен марапатталады;

— Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;

— Қазылар алқасы номинациялардағы жүлделі орындар санын анықтау құқығын өзіне қалдырады.

Өтінімдер oner_mektebi_2@mail.ru электронды почтасына 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін қабылданады:

Жұмыстар 10 мамырға дейін «Art TUMAR» сәндік-қолданбалы өнер орталығы, Қайым Мұхамедханов көшесі 28 «Б» мекенжай бойынша қабылданады.

Марапаттау: 2022 жылғы 13 мамырда сағат 11.00-де «Art TUMAR» сәндік-қолданбалы өнер орталығы, Қайым Мұхамедханов көшесі 28 «Б» өтеді.

Өтінім төмендегі кесте бойынша толтырылады:

Толық аты-жөні (құжат бойынша) Туған күні, айы, жылы Білім ұйымының атауы/облыс/аудан/ауыл Жұмыстың тақырыбы Орындау техникасы Жетекшінің толық аты-жөні(құжат бойынша), байланыс тел, эл почта (толық жазылуы тиіс)