Top
a

Театр бөлімі

Тақырыбы:  Номад театр,  Астаналық заманауи театры          «Nomad City Hall» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 2018 жылдың 1 қараша күні ресми түрде ашылды. Құрамына Астана комедия театры, Назар аудар театры, Әзіл әлемі театры кіретін «Nomad City Hall» МКҚК-нің директоры әрі көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Қабатов. «Nomad City Hall» концерт залында спектакльдерден бөлек Роза Рымбаева, Досымжан Таңатаров, Маржан Арапбаева, Өмірқұл Айниязов, «Жігіттер» тобы, Алтынай Жорабаева, Төреғали Төрәлі, Айқын сынды эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін Қазақстан ұлттық арнасының «Қайырлы кеш, Қазақстан» жобасы, «Әзіл әлемінің» жаңа бағдарламалары, талай талантты жастардың басын қосқан КТА ойындары және басқа да түрлі салалар бойынша

Сабақ № 7 Тақырыбы:«Astana Musical» театры «Astana Musical» – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің қолдауымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде құрылған еліміздегі және Орталық Азиядағы тұңғыш мемлекеттік мюзикл театры. Мюзикл – әртүрлі жанрдың бір түрге айналуы. Сиқырлы сөз өнері, опера, хор, балет, қазіргі заманғы би ырғағы, ұжымдық  би, фокус, акробатика секілді ең озық үлгілерді өз бойына жинақтаған,  шығармашылық синтезі.      «Astana Musical» мемлекеттік театры Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде 2017 жылы Европаның ең ірі бес қаласын (Париж, Канн, Брюссель, Вена, Берлин) қамтыған халықаралық гастрольдік турне өткізді. 2018 жылы әлем театрларының өнер алаңына айналған «Авиньон» халықаралық театр фестивалі «Astana Musical» мемлекеттік