Top
a

Әлем музыка әдебиеті

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 4 Тақырып:  К.Лядов.Өмірі және шығармашылығы           Анатолий Константинович Лядов - орыс композиторы, дирижер, оқытушы, музыкалық және қоғам қайраткері. 1855 жылы 11 мамырда Санкт-Петербургте дүниеге келді. Анатолий Константинович - кәсіби музыканттар отбасының тумасы (оның әкесі ғана емес, композитордың ағасы мен атасы да өз заманының танымал дирижерлері болған), ол музыка әлемінде ерте кезден тәрбиеленді. Ол музыкалық сабағын әкесінің басшылығымен бастады, анасы ерте қайтыс болды. Лядовтың дарындылығы оның музыкалық талантымен ғана емес, сонымен бірге керемет сурет салу  қабілетімен, ақындық шығармашылығымен де көрінді. 1867-1878 жылдары Лядов Санкт-Петербург консерваториясында профессор Джохансенмен сыныбында теория мен гармонияны меңгерсе,  Федор Бегров пен

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 3 Тақырып:  Г.В.Свиридов. Өміржолы.            Георгий Свиридов - орыстың кәсіби музыка өнеріне зор үлес қосқан ірі қайраткер, пианист жіне композитор. 1915 жылдың 3 желтоқсанында Курск губерниясында пошта қызметкерінің отбасында дүниеге келді. Композитор бала кезінде әдебиетпен шұғылданады. Рояль аспабында ол 9 жасынан бастап үйренеді. Кейін оның қызығушылығы балалайка аспабына ауысады. Ерекше музыкалық қабілетінің арқасында ол халық аспаптар ансамбліне қабылданады. 1929-1932 жылдар аралығында композитор музыка мектебінде оқиды. Қазіргі уақытта аталған мектепке Г.Свиридовтың аты берілген.  1932 жылы композитор Ленинград қаласына көшіп, Орталық музыкалық техникумында фортепиано мен композициядан сабағын жалғастырады. Осы техникумды 1936 жылы аяқтайды. 1936-1941 жылдар аралығында ол Ленинград консерваториясында оқиды. 1937 жылы композиторлар одағына мүше болады. 1941

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 2 Тақырып:  А.И.Хачатурян. Шығармашылығы. 30 - 40-жылдары А.Хачатурян кинофильмдер мен драмалық спектакльдерге музыка жазады.  1940 жылы композитор өзінің аса көркем шығармаларының бірі - скрипка мен оркестрге арналған концертін жазады. Концертті автор оның алғашқы орындаушысы ілемге танымал скрипкашы Д.Ойстрахқа арнайды.   1944 жылы композитор Армян КСР-ның гимніне жарияланған конкурсқа қатысып, оның жеңімпазы атанады. Ол 1942 жылы «Гаянэ» балетін жазады. «Гаянэ» — композитордың көркем де үздік шығармаларының бірі. Оның басты ерекшелігі — музыкалық тілінің ұлттық сипатында. Балет музыкасы жеке симфониялық шығарма ретінде де жиі орындалады. Композитор бұл шығармасында үш түрлі би сценаларын қолданған. Олар: «Курдский танец», «Танец

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 1 Тақырып:  А.И.Хачатурян. Өміржолы.        Арам Хачатурян - XX ғасырдың ұлы композиторы.                                                         Арам Ильич Хачатурян 1903 жылы 6 маусымда Тбилиси қаласында туылған. Жас кезінен бастап музыканы ұнатып, халық  әндерін құмарта тыңдайды. Өзі де ән салып, фортепьянода сүйемелдейді.      1921 жылы болашақ композитор Москва қаласына келеді. Араға бір жыл салып Гнесин атындағы музыкалық техникумға оқуға қабылданады. Алғаш виолончель, фортепьяно, артынан композиция мамандығы бойынша оқып, М.Гнесиннен дәріс алады. Профессор ұстазы шәкіртінің бойындағы талантын көріп, оны өз елінің музыкасын классикалық жанрларда қолдану тәсілдеріне баулиды. 1926 жылы Арам Х. алғашқы скрипка мен фортепьяноға арналған «Танец» музыкасын жазады. 1929 жыпы А.Хачатурян Москва консерваяториясына түседі. Ондағы ұстаздары:

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   Сабақ № 7 Тақырып: Балет өнері Орыс балеті         XIX  ғасырдың бас кезінде орыстың балет өнері едәуір табысқа жетті. Е.И. Колосова, М.И. Данилова, А.И. Истомина, А.П. Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен бой көрсетті. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы композиторы П.И. Чайковский болды. Балетмейстерлер М. Петипа мен Л.И. Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның “Спящая красавица ”, “Лебединое озеро ” және “Щелкунчик” (1890 — 1895) балеттерін қойды. Қазақ балеті           Қазақ балеті алғашында драматикалық, опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. 1938 жылы қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 6 сабақ Тақырып: Балет өнері Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Балетте  либретто жазушыны  сценарист, музыка шығарушыны - композитор, билерді қоюшыны-  балетмейстер деп атайды. Балеттің мазмұны би мен пантомима арқылы бейнеленеді. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыка-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Балет өнері:  шағын балет, балет-пантомима, балет-феериялар болып бөлінеді. Балет қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған көбінесе

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 5 сабақ Тақырып: Опера өнері Орыс операсы         Алғашқы орыс опералары 18 ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Классикалық орыс операсының негізін салған М.И.Глинка. Оның халықтық-патриоттық тақырыпқа жазылған "Иван Сусанин" (1836) мен "Руслан и Людмила" (1842)  реалистік опера өнерінің үлгілері болып табылады. Ресейде тұңғыш әлеуметтік-тұрмыс драмасын А.С. Даргомыжский жазды. ("Русалка", 1855)  "Могучая кучка" композиторлары орыс операсын одан әрі дамытып, оның классикалық үлгілерін жасады.  Музыкалық театрда П.И. Чайковскийдің опералық шығармашылығы ерекше орын алады.. Орыс операсының дамуына мол үлес қосқан композиторлар:А.Г. Рубинштейн, С.В. Рахманинов, А.Н. Серов, т.б. Қазақ операсы      Қазақтың опера өнерінің дамуы 20 ғ.басынан  басталды.   1934

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 4 сабақ Тақырып: Опера өнері   Опера дегеніміз- музыкалық спектакль. Онда кейіпкерлер сөйлемейді, оркестр сүйемелдеуімен әндетеді. Операда мәтін болады, оны либретто деп атайды. Опера увертюрадан басталады. Увертюра опера мазмұнын айқындайды. Увертюраны тек оркестр ғана орындайды. Операда ән басты роль атқарады. Операда жеке айтылатын әндерді – ария, ариозо, каватина, монолог, баллада деп атайды. Речитатив  - операда тақпақ сазды айтылатын  қысқа әуен.  Ансамбльдер - дуэт, трио, квартет, квинтет, хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер опералық музыканың түрлеріне жатады.  Кейіпкер ария айтқан уақытта оның бейнесі орындалған  музыка арқылы бейнеленеді. Опера өнердің бірнеше түрін қамтиды, сондықтан оны синтездік өнерге жатқызады. (бейнелеу өнері, би, театр,

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 3 сабақ Тақырып: Бақылау сабағы 1. Музыкалық жанр дегеніміз не? а) шығармалар топтамасы ә) шығармалар жиынтығы б) шығармалар жиынтығы 2. Жанр неше түрге бөлінеді? а) 2; ә) 3; б) 4; 3. Фольклордың қай түрі? а) аспаптық; ә) вокалдық; б) аспапты вокалдық; 4. Неліктен халық әні деп аталады? а) авторы ұмытылып кеткен әндер; ә) авторы белгіліболғандықтан; б) халық айтатын әндер болғандықтан; 5.Марш дегеніміз не? а) халық әні; ә) халық әні; б) жанрдың бір түрі; 6. Гопак биін белгілеңіз А) Ә) Б) а)  ә)  б) 7. Би дегеніміз не? а) жанрдың бір түрі; ә) вокалдық музыка; б) аспаптық музыка; 8. Полька биінің отаны  - а) Польша; ә) Сицилия; б) Украина;  Тест қорытындысы: Өте дұрыс жауап 10 балл;Дұрыс жауап - 5 балл;Нашар жауап – 0 баллмен бағаланады.                                                                   

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті   № 2 сабақ Тақырып: Музыкалық жанр. Ән жанры.     Халық әні — ауыздан ауызға таралған, халық жадында сақталған орыс ауыз әдебиетіндегі фольклорлық  музыка.  Орыс халық әнінің жанрлары халықтың өмірін, оның менталитетін және рухани мәнін айна ретінде бейнелейді. Туғаннан бастап өлімге дейінгі қарапайым адамның бүкіл өмірі халық әндерінде көрініс тапты. Орыс халық әндерінің маңызды ерекшелігі —халықтың қарапайым өмірі мен еңбегімен байланысты. Мысалы, тұрмыс-салт әндері,  еңбекке қатысты  әндер,  тарихи әндер және лирикалық әндер.                                                                                                                                                       Тұрмыс-салт әндеріне жыл мезгілдерін суреттейтін «Масленица», «Коляда», «Веснянка» әндері. «Масленица» - қысты шығарып салып, көктемді шақыру мерекесі. Масленица  апта бойы тойланады. Мереке кезінде үйлерінде құймақ (блины) пісіреді. Аптаның әр күніне арналған