Top
a

Қазақ музыка әдебиеті

Қазақ музыка әдебиеті, 4 сынып Сабақ № 3 Тақырыбы: Нұрғиса Тілендиевтің  шығармашылығы.          Н.Тілендиев (1925-1998) қазақ топырағындағы ежелгі Қорқыт, Асанқайғы, Кетбұға, бертінгі – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина,Тәттімбет секілді ұлы композиторлар, сазгерлердің музыкалық дәстүрін өткен ғасырда (ХХ ғ.) тамаша дамытып, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырған айрықша талант. Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келді. Дарынды композитор, дирижер және домбырашы. Ол фольклорлық – зтнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Жеті жасында Жамбыл атаның домбырасын сыйға алыпты. Әкесі Тілендінің күйшілік, шешесі Салиқадан әншілік қасиеттерін жастай бойына сіңіріп, ел әлдилеген ән-күйдің ортасында жүріп домбырада  алуан

Қазақ музыка әдебиеті, 4 сынып Сабақ № 2 Тақырыбы:Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы мамыр айында Жезқазган облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Қобызшылық өнер Ықыласқа өзінің арғы аталарынан дарыған екен. Әкесі Дүкен, оның әкесі Алтынбек және оның арғы аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы үніне сенген. Ықылас өзінің шебер орындаушылық және композиторлық дарынымен қобыздың өлмес аспап екендігін дәлелдеп артына өшпес мұра қалдырған.  Оның шығармаларындағы күй иірімдері мен сарындылығы біртұтастығын көрсетеді. Оның шығармалары « Жез киік», «Ерден», «Аққу», «Қазан», «Қоңыр», «Шыңырау», «Айрауықтың ащы күйі», «Кертолғау», «Қасқыр», «Қаншайым», «Бозторғай», «Жалғызаяқ» т.б. Қылқобыздың абызы атанған Ықыластың артында қасиетті аспаптың мәңгілік үкілі үні, сырлы сазы

Қазақ музыка әдебиеті, 4 сынып Сабақ № 1 Тақырыбы: Шертпе күйдің шебері - Тәттімбет. Тәттімбет Қазанғапұлы – Қазақстанның орталық, шығыс, оңтүстік өңірлеріне кеңінен танымал, шертпе күй өнеріндегі ең ірі, көрнекті күйші – композитор. Тәттімбет ұлы күйші болумен бірге, өз дәуірінің көкірек көзі ашық азаматы ретінде әлеуметтік өмірге өз көзқарасын білдіріп, музыка тілімен үн қатып отырған композитор. Күйлер орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктерге қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Тәттімбет - шертпе күйдің шебері. Тәттімбет шертпе күйдің шебері атанған. Ол күйші, әрі ақын, сөзге шебер адам болған. Тәттімбет ел аралап, алыс сапарларда көп жүреді. Бірде Тәттімбет елін, жерін сағынып, қайтып

№ 3 Тапсырма.  Сөзжұмбақ шешу. «Қобыз» сөзжұмбақ 1. Күй атасы,қобызшы кім? 2. Ықыластың күйі. 3. Ықыластың ұлының есімі 4. Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайы қай қалада орналасқан? 5. Ықылас күйінің атауы Тыңдалым: Күйлер: https://www.youtube.com/watch?v=bia5lW3xucM&list=RDCMUCTiXJBsDTL_NCU72OQjBNzA&start_radio=1&t=0

№ 2 Тест тапсырмалары 1.Мына күйлердің ішінен Н.Тілендиевтің  күйлерін ата. а) Ақжелең. Кіші Қаратөс. Балжан қыз. н) Әлқисса. Ататолғауы.Аққу. с) Адай. Сарыарқа. Серпер. 2. Нұрғиса әндерін тап. б) СағындымАлматымды.Әгугайдомбыра. е) Ақ бантик.Қайықта: Қайдасың. ұ) Саржайлау. Өзелім. Алатау. 3. Н.Тілендиев басқарған оркестрді ата. р) Отырар сазы. и) Құрманғазы. б) Симфониялық оркестр. 4. Н.Тілендиевтің туған жерін ата. ж) Жамбыл облысы Байзақауданы. ғ) Алматы облысы Ілеауданы. у) Қызылорда облысы Шиелі ауданы. 5. Н.Тілендиевтің күй поэмалары. а) Дайрабай. Құдашадуман. с) Ақсаққұлан. Мерекеліккүйпоэмалары. и) Мүрагер. Махамбет.Жеңіссалтанаты. 6.Сүйген жары Дариғаға арнаған шығармасы. а) Көңілді бикеш. б) Сүйген жар. в) Ақмаңдайлым. 7.Қай кинофильмде Нұрғиса шығармалары орындалады. р)  Көшпенділер. о) АлтыжасарАлпамыс а) Қыз Жібек.

Қазақ музыка әдебиеті, 4 сынып № 1 Тест тапсырмалары 1.Табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін аспаптың түрі      қандай ? а) шертер; ә) қобыз; б) жетіген; 2. Тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналатын аспап қалай аталады? а) домбыра; ә) жетіген; б) қобыз; 3. «Ұшардың ұлуы» күйінің авторы кім? а) Ықылас; ә) Дүкен; б) Қорқыт; 4. Шығыстың философы, энциклопедист, музыка зерттеушісі, ұлы ғұлама ғалым- а) Әл-Фараби; ә) Ы. Алтынсарин; б) Қорқыт; 5. Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері- а) Әл-Фараби; ә) Ы. Алтынсарин; б) Қорқыт; 6. Асан қайғының күйін белгілеп бер а) «Ақсаққұлан»; ә) « Ел айрылған»; б) « Желмая»; 7. Кетбұға кім болған? а) күйші, жырау; ә) қобызшы; б) әнші; 8. Домбыраның періне байланатын бөлігі қалай аталады? а) басы; ә) мойыны; б) шанағы; 9. Домбырадағы екі құлақ бекітілетін жер қалай аталады? а) басы; ә) мойыны; б) шанағы; 10. Ең жақын тұрған дыбыс аралығы-  а) бүтін тон; ә) октава; б) жарты тон; 11. ХVI – ХVII ғасырлардың ұлы күйшісі- а) Боғда; ә) Байжігіт; б) Кетбұға; 12. Есжан, Абыл, Еспай күйшілердің шығармашылығын жалғастырушы кім? а) Боғда; ә) Байжігіт; б) Кетбұға; 13. Төкпе шертпе тәсілімен ойналатын аспап- а) шертер; ә) жетіген; б)