Top
a

Сольфеджио

№ 1 сабақ Тақырыбы: Үшдыбыстылықтың түрлері Жалпы музыкада үшдыбыстылықтың 4 түрі бар: Мажорлы үшдыбыстылық : ү3+к3Минорлы үшдыбыстылық:  к3+ү3Кішірейтілген үшдыбыстылық: к3+к3Үлкейтілген үшдыбыстылық: ү3+ү3 Үйге тарсырма: Үшдыбыстылық түрлерінің тондық құрамын жаттау. № Үшдыбыстылықтың түрлері Тондық құрамы 1 Маж  5/3 Ү3+К3 2 Мин  5/3 К3+ Ү3 3 Кіш   5/3 К3+К3 4 Үлк   5/3 Ү3+Ү3

Сабақ № 7 Тақырып:  Ри минор тональдігі  Ре минор тональдігінің ережесі: 1.Ре минор – минор сазына жатады. 2.Ре минордың тоникасы – ре. 3.Ре минордың кілттік белгісі – си бемоль. 4.Ре минордың тұрақты дыбыстары: ре, фа, ля тұрақсыз дыбыстары: ми, соль, си бемоль, до. 5.Ре минор – фа мажорға параллель.       Ри минор гаммасының үш түрі бар: табиғи, үйлесімді, әуенді. Ре минордың  табиғи түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до, ре. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до, си бемоль, ля, соль, фа, ми, ре. Ре минордың үйлесімді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ре, ми, фа, соль, ля, си бемоль, до#, ре. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ре, до бекар, си

1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 6 Тақырып: Фа мажор, № 93 жаттығу. Ре мажор тональдігінің ережесін қайталаймыз. Әрі қарай сабағымызды фа мажор тональдігінде гамманы төменнен жоғары қарай, сосын жоғарыдан төмен әндетіп айтамыз. Тұрақты дыбыстарды тұраксыз дыбысқа шешеміз. Дауыс қыздыру жұмыстарын жасап болған соң, көңілімізді № 93 жаттығуға аударамыз. № 93 жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз. Кілттік белгісі: си бемоль.Өлшемі: 2/4 Нота ұзақтығы: төрттік және жартылық ноталар.Фа нотасымен басталып, фа нотасымен аяқталып тұр.Жаттығудың тональдігі – фа мажор. Үйге тапсырма: № 93 жаттығуды жаттау.

1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 5 Тақырып: Фа мажор тональдігі     Фа мажор тональдігінің ережесі: Фа мажор – мажор сазына жатады.Фа мажордың тоникасы – фа.Фа мажордың кілттік белгісі – си бемоль.Фа мажордың тұрақты дыбыстары: фа, ля, до  тұрақсыз дыбыстары: соль, си бемоль, ре, ми. Фа мажор – ре минорға параллель. Фа мажордың гаммасы: фа, соль, ля, си бемоль, до, ре, ми, фа. Үйге тапсырма: Фа мажор тональдігінің ережесін жаттау.Фа мажор гаммасын әндетіп айту.Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешу.

1-сынып. Сольфеджио Сабақ № 4 Тақырып:Ми минор тональдігі      Ми минор тональдігінің ережесі: Ми минор – минор сазына жатады.Ми минордың тоникасы – ми.Ми минордың кілттік белгісі – фа#.Ми минордың тұрақты дыбыстары: ми, соль, си                           тұрақсыз дыбыстары: фа#, ля, до, ре. 5. Ми минор – соль мажорға параллель. Ми минор гаммасының үш түрі бар: табиғи, үйлесімді, әуенді. Ми минордың  табиғи түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ми, фа#, соль, ля, си, до, ре, ми. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ми, ре, до, си, ля, соль, фа#, ми Ми минордың үйлесімді түрін төменнен жоғары қарай әндетіп айтқанда: ми, фа#, соль, ля, си, до, ре#, ми. Жоғарыдан төмен әндетіп айтқанда: ми, ре бекар,

Сабақ № 3 Тақырып: Альтерация белгілері. Ережесі:    Дыбысты жоғарлататын немесе төмендететін белгілерді – альтерация белгілері деп атаймыз.Музыкада 5 альтерациялық белгі бар:#   диез                 - дыбысты 0.5 тонға жоғарлатадыХ   дубль диез     - дыбысты  1 тонға жоғарлатады   b    бемоль           -  дыбысты 0.5 тонға төмендетедіbb дубль бемоль – дыбысты 1  тоңға төмендетедібекар                    - қозғау күшін жояды. Үйге тапсырма:  Альтерация ережесін жаттау. Видео сабақтағы тапсырманы орындау    

Сабақ № 2 Тақырып: Ре мажор, №89 жаттығу. Ре мажор тональдігінің ережесін есімізге түсіріп бір қайталап аламыз. Әрі қарай сабағымызды ре мажор тональдігінде гамманы төменнен жоғары қарай, сосын жоғарыдан төмен әндетіп айтамыз. Тұрақсыз дыбыстарды тұрақты дыбысқа шешеміз. Дауыс қыздыру жұмыстарын жасап болған соң, көңілімізді № 89 жаттығуға аударамыз.№ 89 жаттығуға талдау жұмыстарын жүргіземіз. Кілттік белгілері: фа#,до#Өлшемі: 2/4Нота ұзақтығы: сегіздік , төрттік  және жартылық ноталарЛя нотасымен басталып, ре нотасымен аяқталып тұрЖаттығудың тональдігі – ре мажор.   Үйге тапсырма: № 89 жаттығуды жаттау.