Top
a

Мәтіндер

  • Рубрик нет
  • 1 –сынып.   Сурет Сабақ № 1 Тақырып: Таңдалған стильде орындалған бірнеше заттардың натюрморттарын салу. Стильдеу (стилизация)- оңайлату, суреттелген фигураларды жалпылау, сурет бойынша, түсі бойынша, фигураларды ыңғайлы қалыпқа айналдыру. Стилизация дизайн, монументалды өнер және сәндік өнер құралы ретінде қолданылады. Стильдегі(стилизация)-  міндетті шарт-жеке сипат (авторлық шешім), стиль автордың көркем шығармашылығының ерекшелігін қалыптастырады. Мысалы: Стильдеу (стилизация) түрлері: 1. Натюрморттар стильдеу 2. Пейзаж бейнесін стильдеу 3. Жануарларды стильдеу 4. Ою- өрнек стильдеу 5. Өсімдіктер мен гүлдерді түрлендіру Түсті суретшінің ойына сәйкес табиғи немесе шартты түрде қолдануға болады. Үй тапсырмасы: Үйде екі заттан тұратын стилизация техникасында натюрморт сал.

    Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 8 Тақырып: Натюрморттың ұзақ мерзімді көркемсуреті, тоны жағынан контрастілі, үй әбзелдерінің 2 заты, қыртыстарсыз бір тонды матамен қапталған Негізігі түстер сары, қызыл және көк түстер болып табылады. Контраст түстер – бір біріне қарама қарсы түстер.  Түстану – түс туралы ілім жүйесі. Түстер хроматикалық және ахроматикалық болып бөлінеді. Хроматикалық түстерге түрлі-түсті түстер жүйесі кіреді. Ахроматикалық түстерге ақ және қара түстер жатады. Хроматикалық түстерді шартты түрде жылы түсер және суық түстер деп бөлінеді. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайда пайда болады Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/ppprLXHF2cVKpDXRA Үй тапсырмасы: Натюрмортты құрастыру, заттардың құрылымын салу.  

    Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 7 Тақырып: Натюрморттың ұзақ мерзімді көркем суреті Натюрморттың 4 түрі болады.                    Натюрморттың түрлері: 1. Жеміс - жидек топтамасы. 2. Ойыншықтар топтамасы. 3. Оқу құралдарының жиынтығы. 4. Музыкалық аспаптар жиынтығы Бейнебаян: https://youtu.be/ZfOn19CWhbA Үй тапсырмасы: Натюрмортты құрастыру, заттардың құрылымын салу.

    Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 6 Тақырып: Натюрморттың ұзақ мерзімді көркем суреті Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу. Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт -қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді. Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/YfrsaC7KkSFVMpZR8Үй тапсырмасы: Натюрмортты құрастыру, заттардың құрылымын салу.

    Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 5  Тақырып: Натюрморттың ұзақ мерзімді көркем суреті Натюрморт салуды суретші оны құрастырудан бастайды. Ол әр түрлі заттарды таңдап салыстырып, солардың ішінде түр және мазмұны жағынан бір - біріне сәйкес заттарды іріктеп алады. Содан кейін суретші натюрморттың композициясын құруға кіріседі. Заттардың орнын қайта - қайта ауыстырып, ең ұтымды нұсқасын іздей отырып, суретші аса тартымды композицияға қол жеткізеді. Натюрморттағы заттардың орнын неше түрлі құбылтуға болады. Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/16TV2uFXVimD38L79Үй тапсырмасы: Натюрмортты құрастыру, заттардың құрылымын салу

    Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 4 Тақырып: Шығармашылық көркем сурет Шығармашылық көркемсурет салып жатығу арқылы  дербес ойлап, қоршаған ортаны бақылап, күнделікті өмірде болып жатқан  құбылыстарды ой елегінен екшеп, сұлулық пен сүреңсіздіктің ара жігін ажырата білуге дағдыланып, тың жасампаздық ойлар туындатуға болады. Бейнебаян: https://images.app.goo.gl/o4eQa394rSiC9QpFA Үй тапсырмасы: Таңдалған стильде орындалған бірнеше заттан (1-2) жасалған натюрмортық көркем суретін салу.

    Даярлық сыныбы.  Сурет  пәні Сабақ № 1 Тақырып: Табиғи формалардағы конструкциялардың әр алуандылығы Ағаштар мен өсімдіктердің табиғи жаратылысы олардың бір бірінен айрмашылығымен өзара ұқсастық қасиеттерін қалыптастырады. Әсіресе, ағаш бұталарының күрделі формалары мен өсімдік жапырақтары мен қауашақтарының сан алуандығы көз тартады. Сурет салып үйренуде ағаштармен өсімдіктер тақырыбына жиі ораламыз, сондықтан бұл тақырыптарда сурет салудың маңыздылығы зор, ол бізге қоршаған ортаны танып білуімізге жақсы мүмкіндік береді. Бейнебаян: https://youtu.be/NB4XeOSdim4 Үй тапсырмасы: Ағаштардың, гүлдердің суретін салып үйрену.