Top
a

Мәтіндер

  • Рубрик нет
  • Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 2 Тақырып: Бір түспен натюрморт салу. Бір түспен натюрморт салу яғни, гризайль стилінде картиналарды кез келген материалдармен жазуға болады — май, темпера, акрил, гуашь акварель және тіпті сепияны қолдануға болады. Гризайль техникасындағы жұмыс принципін түсіну үшін біз қарапайым заттардан — вазадан, алма, стаканнан бастауға кеңес береміз. Гризайль-өте маңызды техника, ол тонды зерттеуге мүмкіндік береді, бір реңкті тонның қанық, солғын, ашық түрін түсінуге үйретеді. Сызылатын заттың жарық көлеңкесін анықтау, ( төменде берілген суреттегідей ) жұмысты аяқтау. Үй жұмысы: жоғарыда берілген суретті салу немесе бір түспен натюрморт салу яғни,гризайль техникасында этюд салу.

    Даярлық  сыныбы.  Кескіндеме пәні Сабақ № 1 Тақырып: Бір түспен натюрморт салу. Бір түспен натюрморт салу яғни,гризайль техникасында этюд салу. Гризайль французша «сұр» деген мағынада. Бұл бір түстерін пайдалану арқылы картина жасау процесін білдіреді. Бұрынғы кезде суретшілер сұр, қоңыр немесе қара түстерден бір түсті натюрморт салса, ал қазір сізге ұнайтын кез келген реңкті пайдалануға болады. Сызылатын заттың композициялық құрылымын анықтап, негізгі және көмекші сызықтармен көрсету. ( төменде берілген суреттегідей ) Үй жұмысы: жоғарыда берілген суретті салу немесе үй жағдайындақұмыра, стақан, кесе сияқты қарапайым ыдыстардың бірін таңдап алып, натюрморт ретінде құрылымын салып үйрену.