Top
a

Көркемөнер бөлімі

1-сынып. Матамен жұмыс Сабақ № 2 Тақырыбы: Былғары бей мата. Талшықтардың топтастырылуы Аяқ киім өндірісінде үлкен қызығушылық  тоқыма өнімдерінің жаңа түрі-былғары беймата  материалдарына түседі. Киімді дайындау үшін жылытушы материал ретінде жайғақ тігілген және инемен тесілген дәкелер, мата сияқты мата тігілген, жайғақ тігілген жаймалар қолданылады. Пішінді сақтауды қамтамасыз ететін және киім бөлшектеріне қаттылық беретін іштіктер үшін негізмдік бейматалы материалдар пайдаланылады. Киімде қолданылатын бей- мата жаймалары ағартылған, тегіс боялған, ала шүбар, баспа суретті болып шығарылады. Тапсырма:Желімдік бейматалық материалдар киімнің қай жеріне және қандай жағдайда пайдаланылады?

1-сынып. Матамен жұмыс Сабақ № 1                                                   Тақырыбы:Зертханалық жұмыс. Матаның қасиеттері. Маталардың ассортименті. Матаның төзімділігі мен ауа өткізгіштігі, ылғал тартқыштығын матаның – физикалық қасиеті деп айтамыз. Түр – түсі мен жылтырауы, сырт көрінісінің әсемдігі матаның – химиялық қасиеті деп аталады. Матаның ұзындығы, қалыңдығы, ені матаның –геометриялық қасиеті деп аталады. Матаның ассортименті: Ассортимент–деген сөз француз тілінен аударғанда сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Маталар ассортиментінде өзгерістер болып тұрады. Ассортиментті жаңғырту талшықтық құрамы , құрылымы, өңделуі, қасиеттері өзгеше маталарды игеру арқылы іске асады. Тапсырма: Кез келген мата түрін таңдау арқылы, ол қандай бұйымға арналғанын тауып көр (өз бетіңше орында)

Композиция негіздері 1-сынып Сабақ № 3 Тақырып:Түстік шешім: қарама-қарсы түс. Нюанс. Туыс-түс Қарама-қарсы түс(контраст) – пішін, өлшем, пластика, түс, фактуралардың айқын айырмашылығы. Бұл екі біртекті қасиеттер арасындағы айқын көрсетілген айырмашылық. Мысалы, үлкен мен кішіні, ашық пен күңгіртті, тегіс пен бұдырды салыстыру. Костюм композициясында қарама-қарсылықты қолданудағы басты талап – оның тұтастығын сақтау. Нюанс контрастқа қарама-қарсы болып табылады – бірдей сапа арасындағы болмашы көрсетілген айырмашылық. Нюанс сөзі білінер-білінбес өту дегенді білдіреді, ал егер костюмде пішіні, фактура, түсі бойынша элементтер ұқсастығы байқалса, онда бұл тепе-теңдік. Бір композицияда контраст та, нюанс та, тепе-теңдік те болуы мүмкін. Костюм композициясында қарама-қарсы немесе нюанстық шешімді

Сабақ № 2 Тақырып:Киімдегі стиль  Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады. Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады. Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер). Фольклорлық стиль(этникалық) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою – өрнек, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланады. Бұл стильге жататын киім

Сабақ № 1 Тақырып:Киімдегі түстік композиция (Костюм композициясының түстік шешімі) Түс – киімнің әдемі болуы түсті дұрыс таңдауға да байланысты. Үйлесімді бейне жасағанда әр алуан реңктерді ажыратып қана қоймай, түстерді үйлестіруге болатынын да білу керек.Түстер – костюмнің негізгі сапасына әсер етеді. Табиғатта төрт негізгі түстер бар: қызыл, жасыл, сары, көк, ал қалған түстер осы түстерді араластыру арқылы және оларға қара және ақ түстерді біріктіру арқылы алынады. Түстер ахроматикалық және хроматикалық болып екі топқа бөлінеді. Ахроматикалық топқа ақ, қара және сұр түстің реңктері жатады. Қызыл түстен бастап қызыл күрең түске дейінгі түстер хроматикалық топты құрайды. Хроматикалық

Сабақ № 3                                Тақырыбы:Рококо стилінің дамуы мен шығу тарихы Рококо (фр. rococo), рокайль - 18 ғасырдың 1-жартысы мен орта кезіндегі Еуропа өнерінде сарай зиялылары мен мәдениетімен байланысты туған стиль. Ұлу қабыршағының түріне ұқсас рокайль өрнегінің атына байланысты аталған. Францияда абсолютизм тоқырауға ұшыраған кезеңде пайда болған.  Сәулет өнерінде  Рококо,негізінен, ғимарат интерьерін нақыштау ісінде кең қолданылды. Алуан айшықты өрнек салу, айна, панно - Рококоға тән белгілер Тапсырма:Рококо стилінде берілген рамкаларды бейнелеу.

Сабақ № 2                                Тақырыбы:Барокко стилінің дамуы мен шығу тарихы Барокко (италяндық barocco — әлеміш). — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль. Бұл cтиль жoғapы төбeлepді, кeңіcтікті қaжeт eтeді. Бapoккo - бұл динaмикaлық cтиль, біpaқ oл мoнyмeнтaлды фopмaлapмeн жaқcы жұмыc іcтeyі мүмкін. Мүcіндep, күpдeлі шыңдapы бap бaғaндap, кeң көлeмді фигypaлap мeн элeмeнттep кeңіcтіктің құбылмaлы, aлдaмшы бoлyынa мүмкіндік бepeді. Мұндaй бөлмeдeгі пepcпeктивa өзгepіп, кepeмeт, aлдaмшы бeйнeлep жacaй aлaды. Тапсырма:Бapoккo өpнeгінің элeмeнттepін бейнелеу.

Сабақ № 1                                                   Тақырыбы: Ампир стилінің дамуы мен шығу тарихы Ампир (франц. empіre — империя) — 19 ғ-дың басында Батыс Европада негізінен сәндік қолөнері саласында дамыған мәнер. Осы мәнер, әсіресе жиһаздарда, ыдыс-аяқ пен мата бұйымдарында, сәулет өнері туындыларында бой көрсетті. Жиһаздар антикалық үлгіде жасалынып, киімдер үлгілері жеңіл,жылтыр  жіптермен зерленіп,антикалық тәсілмен сәнделген,ал ыдыс-аяқтар гравировкаланады. Тапсырма: Ампирдің сәндік қолөнері бұйымдарында, киім сән үлгісінде кездесетін әшекей белгілерін  (әсіресе жиһаздарда, ыдыс-аяқ пен мата бұйымдарында) өз бетіңше орындап көр Салыстыру:

Сабақ №6 Тақырыбы:ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басындағы жаңа бағыттарға қысқаша сипаттама 19 ғ-да француз бейнелеу өнерінде әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрессионизм пайда болды: Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега шығармаларын атауға болады. ХІХ ғ-дың аяғы мен ХХ ғ-да түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда болып, бейнелеу өнерінің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті. Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм ( М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С.

Сабақ №5 Тақырыбы:ХІХ ғасырдағы Франциядағы реализм Францияда ХІХ ғасырда стильдік белгілері ортақ түрлі көркемдік жүйелер қалыптасты (тұйықталмаған, спиралды, композициялық, динамикалы барокко, қанық суретті, айқын сызықты классицизм, нәзік бояулы сұлу мүсінді, ойнақы табиғатты рококо). Осы кезеңде реалистік тәжірибе жергілікті көне дәстүрлермен өріле дамып, ерекше өзіндік сипат алды (Үндістан, Жапон, Қытай). Сондай-ақ, еуропалық бейнелеу өнерінің түрленіп дамуына қиыр шығыс елдері, Африка халықтарының алғашқы және көне дәуірдегі өнерлерінің ықпалы болды. Осы кезеңде бейнелеу өнерінде академизм, натурализм, т.б. бағыттар пайда болды (Францияда — Т. Жерико, Э. Делакруа, Германияда — К. Д. Фридрих, Ресейде — О.Кипренский, С.Шедрин, К. Брюллов, А. Иванов). Барбизон мектебінің шеберлері ақиқат нәрсені көріп-тану арқылы