Top
a

Киімді көркемдеп үлгілеу сыныбы

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 4 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Кесте  – сәндік қолөнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Кестеге моншақ, інжу, маржан, т.б. асыл тастар тағылады. Кестені материалдың бетін түгел бастыра немесе гүл шоғырына ұқсатып та әшекейлейді. Бұйымды тұтастай бастыра әшекейлеу үшін  шалыс, жатық, терме, жөрмеу  тәсілін қолданады. Кестенің біз кесте, баспа жылтыр, тамбурлы кесте, албыр кесте (екі ізді), кенебе ине, т.б. түрлері белгілі. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.  

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 3 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Бейнебаян: https://youtu.be/NfrrNS3cFoY Үй тапсырмасы:  түрлі түсті жіппен кесте тоқуды үйрену.

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 2 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істеу кезінде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектін пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанының әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Ал кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған.   Бейнебаян: https://youtu.be/Vc9-2fvaFLo Үй тапсырмасы: бисермен еркін

Даярлық сыныбы.   Қолөнері  пәні Сабақ № 1 Тақырып: Маржанмен, жіппен кестелеу Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жәй суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Мысалы: алқа, білезік, белдік, сөмкелер, шаш буғыш, және әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншықтар да тоқуға болады. Бейнебаян: https://youtu.be/Vc9-2fvaFLo Үй тапсырмасы: бисермен еркін тақырыпта жұмыс жасау.