Top
a

Ұлттық би сыныбы

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 2-Сабақ 1/8 шеңберге бұрылудағы battement tendu jete жаттығуын жасау. (м/ө 2/4) https://youtu.be/753t8jeh9PE Дайындық қалпы: аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар 2- қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- оң аяқ Battement tendu jete  алдыға ашамыз және жабамыз  V қалыпқа 3-ке 4-ке- Battement tendu jete жанға ашамыз 2 нүктеге, яғни 1/8 шеңберге айналу  және жабамыз V-қалыпқа Қимылды әр нүктеге аяқты ауыстыра орындап шығыңыздар. Үй тапсырмасы: Жаттығуды қайталау, өз- өзіне талдау жасау.

5- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 1-Сабақ  1/8 шеңберге бұрылудағы Battement tendu жаттығуын  жасау.  (Музыкалық  өлшем 2/4) https://youtu.be/14t4EEvvQM4 Дайындық қалпы: аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге  2-ге- preparathoin, қолдар 2- қалыпқа ашылады 1-ге 2-ге- Battement tendu алдыға ашамыз және жабамыз V қалыпқа 3-ке 4-ке- Battement tendu жанға ашамыз, 2 нүктеге, яғни 1/8 шеңберге айналу    және жабамыз V-қалыпқа Қимылды әр нүктеге аяқты ауыстыра орындап шығыңыздар Үй тапсырмасы: жаттығуға комбинация құрастыру

6-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 4 сабақ Тақырыбы:  Романтизм ағымдағы Мария Тальони мен Жюль Жозеф Перроның қысқаша өмір баяны Мария Тальони (1804—1884) Италия балет артисі, романтизм дәуірі балет театрының көрнекті бишілерінің бірі. Өз әкесі, белгілі балетмейстер Ф.Тальониден оқыды. Өнер жолын 1822 жылы Венада бастады. 1827—-1835 жылдары Парижде қызмет етті. Шнейцгоффердің "Сильфида" балетінде Сильфида партиясын орындау арқылы дүниежүзілік даңққа ие болды. Тальони шығармашылығы балет өнерінің дамуына зор ықпал жасады. Мария Тальони тамаша тұрақтылығымен ерекшеленді, ұзак уақыт бойы аяғының ұшында тұратын және секіргенде сахна үстінде қалықтап, ауада ұшып жүргендей әсер қалдыратын. Ол, әсіресе пуанты билерін тартымды әрі таза билеу арқылы көзге түсті. 1847 жылы сахнадан мүлдем қол үзді.

6-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 3 сабақ Тақырыбы: Романтизм ағымы XIX ғасырдың 30-жылдары өнерде жаңа көркемдік бағыт романтизм өркен жайды. Хореографияда бұл ағымның ықпалы спектакльдерде жаңа тақырып, жаңа сахналық тәсілдердің пайда болуымен ерекшеленді. Барлық романтикалық балеттер бір тәсілмен құрылатын. Онда екі өмір — шынайы өмір мен фантастикалық арман өмір бір-біріне карама-қарсы келді. Бұл спектакльдің көркемдігіне, оның бүкіл атмосферасына әсерін тигізді. 1832 жылы Парижде"Гранд операда" Филиппо Тальонидің "Силъфида" балеті бірінші рет көрсетілді. Бұл балетті Филиппо Тальони өзінің қызы үшін, атақты биші Мария Тальони үшін шығарған. Сильфида — жер бетіне жиі келетін ауа перісін балетмейстер биде жеңіл де жоғары секірулер, сахна бетінде ауадай нәзік қимыл-қозғалыстар арқылы жеткізген. Сильфида рөлін орындаушы үлпілдеген көйлек-пачкамен кейіпкерінің салмақсыздығын сездіру үшін сахнада

6-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 2 сабақ Тақырыбы: XV-XII ғасырдағы балет өнерінің дамуы XVI ғасырда би техникасының дамуы әлдеқайда ілгері басады. Сол кездегі атақты хореограф болып Италияда Фабрицио Карозо мен Чезаре Негри, ал Францияда Бальтазарини мен Туано Арбо саналды. 1581 жылы Венецияда Фабрицио Карозоның "Биші" атты кітабы жарық көрді. Онда ол Венецияның халық билерін, олардың орындалу техникасын, бидің негізгі қимылдарын суреттеген. Ал Францияда Туано Арбо диалог түрінде жазылған "Орхесография" атты кітабын шығарды. Сол уақыттағы балет спектакльдері үлкен сарайларда, сән-салтанат ордасында қойылып, аңыздар негізінде құрылды. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған, көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. XVII

6-сынып.   IV   тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 1 сабақ Тақырыбы: Ортағасырлық еуропадағы би өнерінің қалыптасуы Ортағасырлық Еуропада, христиан дінін қабылдаған елдерде храмдарда (ғибадатханаларда) діни драма мистериялар пайда болды. Сонымен қатар ән-биі аралас комедиялық ойын-сауықтар құдіретті фарстар кең етек жайды. Діни мазмұнды билер үлкен тойларда да орындалды. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін. Сондықтан оларды тамақаралық билер деп атады. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері биледі, көп ұзамай тұрмыстық билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді — бранли деп атайды. Оны ән немесе волынканың сүймелдеуімен орындады. Бранлиді кезбе актерлер халық арасына тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жәрмеңкелер, мейрамдар

5-сынып. IV тоқсан. Шетел хореографиясы пәні № 3 сабақ Тақырыбы: 20 ғасырдың басындағы Орыс балет өнері XX ғасырдың басы орыс өнеріндегі жаңа бағыттардың бастамасы болды. Балетмейстерлер М.Петипа мен Л.И.Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның "Ұйқыдағы ару", "Аққу көлі" және "Щелкунчик" (1890—1895) балеттерін қойды. 1895 жылдың 15 қаңтарында "Акку көлі" Л.Иванов пен М.Петинамен қойылды. Осы уақыттан бастап тек орыс емес, бүкіл әлем классикалық балеттің дамуындағы жаңа кезең басталады. Симфониялық музыка биге тек сүйемелдеу рөлінен көтеріліп, балеттің негізгі идеясын айқындап, оның мазмұнын түсіндірді, пантомиманы ысырып, спектакльдегі басты рөльді

5-сынып.   IV тоқсан.  Шетел хореографиясы пәні. № 2 сабақ Тақырыбы: 19 ғасырдағы орыс балеті XIX ғасыр Е.И.Колосова, М.И.Данилова, А.И.Истомина, А.П.Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен көріне бастады. Солардың ішінде бірінші орыс балеринасы, XIX ғасырдың басындағы танымал биші А.И.Истомина болып саналады. Авдотья Ильинична Истомина (1799—1848) Петербург балет мектебінде Дидлодан дәріс алды. Оқушы кезінен ол императорлық театр сахнасында өнер көрсетті, ал мектепті бітірісімен труппада жетекші орынға ие болды. Истомина орыс классикалық балетінің жарқын өкілі болды. Дидло балеттерінде орталық партияларды орындады. Петербург сахнасында бірінші болып Пушкин бейнелерін — "Кавказ тұтқынындағы" Черкеш қызын және "Руслан мен Людмиладағы" Людмиланы сомдады. 1830 жылдар шамасында Истомина аяқ ауруына байланысты мимикалық актриса амплуасына ауысады, ал 1836 жылы мүлдем сахнадан

5-сынып.   IV тоқсан,  шетел хореографиясы пәні № 1 сабақ Тақырыбы:Ресей балет өнерінің қалыптасуы Орыстың балет өнері XVIII ғасырдың  екінші жартысында қалыптасқан. Халықтың би қазынасы бірте-бірте игеріліп, өнегелі балет мектептерінің ыңғайымен жүйеге түсті. 1738 жылы Ресейдегі бірінші балет мектебі ашылды. Сарай малайларының 12 ұлы мен 12 қызы үш жылдан кейін Ресейдің бірінші кәсіби бишілері болып шықты. Басында олар гастрольмен жүрген балет шеберлерінің спектакльдерінде фигуранттар (кордебалет артистері) қызметін атқарды, ал кейінірек басты партияларды да орындады. Олардың арасындағы ерекшеленгендері — Аксинья Баскакова, Авдотья Тимофеева, Елизавета Зорина, Лфанасий Топорков, Андрей Нестеровтар болды. Оларды би өнеріне баулыған және аталмыш мектептің ашылуына себепкер болған француз елінен арнайы шақырылған талантты биші Жан Батист Ланде болды. Керемет биші Тимофей Бубликов (1748—1815)