Top
a

Хореография бөлімі

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып Сабақ № 5 Тақырыбы: Гармониялық және мелодиялық мажор. Кейде музыкада мажордың VI басқышы төмендетілген түрін кездестіруге болады. Мажорлық ладтың бұл түрін гармониялық мажор дейді. Гармониялық мажорды көптеген орыс және шетел композиторларының классикалық музыкасында кездестіруге болады. VI басқыштың жарты тонға төмендеуінен, оның  V басқышта тартылуы күшейеді. Гармониялық мажор гаммасының ерекше- сипаты ол- VI мен VII басқыштардың аралығындағы үлкейтілген секунда. Музыкада гармониялық мажорға қарағанда, мелодиялық мажор сирек кездеседі. Мажордың бұл түрінде VI және VII басқыштар төмендетілген. Жалпы ол әуеннің төмен бағытта қозғалған кезінде қолданылады да, естілуі жағынан натуралды минорға ұқсас болып келеді. 1-тапсырма: тақырыпты дәптерге түсіру. 2-тапсырма: ережелерді жаттау.

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып Сабақ № 4 Тақырыбы: Интервалдардың айналымы. Интервал дыбыстарының ауысуы интервалдардың айналымы деп аталады. Бұл жағдайда интервалдың төменгі дыбысы жоғары болып, ал жоғарғы дыбысы төменгі болып келеді. Интервал дыбыстарының ауысуының екі тәсілі болуы мүмкін: 1. Интервал тірегінің октаваға жоғары ауысуы. 2. Интервал шыңының  октаваға төмен ауысуы. Берілген интервал ауысуының барысында жаңа интервал пайда  болады. Бұдан таза интервалдар әрдайым таза интервалдарға,  үлкендер- кішіге, кіші интервалдар- үлкендерге,  кішірейтілгендер- үлкейтілгендерге,  үлкейтілгендер- кішірейтілгендерге айналатындығын аңғаруға болады. Тапсырма: тақырыпты дәтперге түсіру. Интервал айналымы қалай жасалатынын жаттау.

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып Сабақ № 3 Тақырыбы: Үлкейтілген жәнен кішірейтілген интервал. Интервалдардың энгармониялық теңдігі. Әрбір диатоникалық интервал өзінің құрамындағы бір басқыштың хроматикалық жарты тонға төмендеуіне немесе жоғарлауына байланысты, ұлғайуы немесе кішірейуі мүмкін. Бір негізі басқыштан құрылған кішірейтілген және үлкейтілген интервалдардың екінші басқышының, немесе екі басқышының да хроматикалық жарты тонға өзгеруінің нәтижесінде пайда болған интервалдар хроматикалық интервалдар деп аталады. Үлкейтілген кварта мен кішірейтілген квинтаны хроматикалық интервалға жатқызуға болмайды, олар диатоникалық интервалдар болып саналады. Үлкейтілген интервалдар: а) Жоғарғы басқыштың жоғарлауынан пайда болған интервалдар; ә) Төменгі басқыштың төмендеуінен пайда болған интервалдар; Кішірейтілген интервалдар: а) Жоғарғы басқыштың төмендеуінен пайда болған интервалдар; ә) Төменгі басқыштың жоғарлауынан пайда болған интервалдар; Сандық мөлшері әр түрлі,бірақ тондық құрамы бірдей интервалдар энгармониялық

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып. Сабақ № 5 Тақырыбы: Әуен. Әуен, гректің melodia- ән айту, ән, әуез сөзі. Әуен- музыкалық шығарманың негізі болып табылады, ол жеке өзі көркем бейнені терең де жан-жақты көрсете алады. Әуен шығара білу- композитордың дархан дарыны. Әуен және тақырып (тема) ұғымдарын ажырата білу қажет. Тақырып шығарманың бейнелік (образдық) мағынасының неғұрлым жарқын да көрнекті жақтарын топтастырады. Әуендік қозғалыс бағытының әртүрлі құрылымдары ішінен барынша кең таралғандары: 1.                Интервалдық секірістерден тұратын әуендер;2.                Әуендік толқынмен айқын көрінген әуендер;3.                Бір ғана дыбысқа қайтып оралатын әуендер;                                                    Әуен дамуының ең жоғары сатысы- оның шиеленісуі шыңы, кульминация- шың деген мағынаны білдіреді. Тапсырма: тақырыпты дәтперге түсіріп, ережелерді жаттау.

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып. Сабақ № 4 Тақырыбы: Лад жүйесі және тональдік. Мәтін: «Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан,«ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу,жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қоладанылатындары мажор және минор ладтары. «Мажор» деген сөз- үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді. Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады. «Минор» деген сөз- кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді. Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстылықты құрады. Гамма- жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып. Сабақ № 3 Тақырыбы: Тұрақты дыбыстар.Тоника және тұрақсыз дыбыстар. Музыкалық шығарманы орындағанда немесе тыңдағанда, біз оны құрайтын дыбыстардың өзара байланыста екенін байқаймыз. Музыка әуеннің даму барысында, кейбір дыбыстар басқаларға қарағанда ерекшеленіп, тіректі дыбыс сипатына ие болады.Тіректі дыбыстар тұрақты дыбыстар деп аталады. Тұрақты дыбыстардың бұндай анықтамасы олардың сипатына сәйкес болып келеді. Өйткені әуеннің тіректі дыбыста аяқталуы шығармаға тұрақтылық әсер береді. Тұрақты дыбыстардың біреуі басқаларға қарағанда айрықша естіліп тұрады. Ол негізгі тірек болып саналады. Сол тұрақты дыбыс тоника деп аталады. Әуеннің қалыптасуына қатысатын,тұрақты дыбыстарға қарама-қарсы дыбыстарды  тұрақсыз дыбыстар дейді. Тұрақсыз дыбыстарға тән қасиет ол тұрақты дыбыстарға тартылып тұру. Тұрақсыз дыбыстың тұрақты дыбысқа ауысуы тұрақсыз

Тақырыбы:  ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы би өнері САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Оқушыларға ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы түсінік беру САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ: Тәрбиелік:  оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу. Дамытушылық: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше ізденуге, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, ойын, тілін дамыту. Білімділік: Оқушылардың би әуендерін сезіну, түсіну қабілеттерін және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет - әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген. Музыка сауаты. Бет - әлпеттің құбылуы «мимика» деп аталады.

6-сынып.  ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 7 -Сабақ Еn dehors және en dedans II қалпынан tour a la seconde үшін Preparation. https://youtu.be/PVZsslIo-Zs Дайындық қалпы : аяқ V қалып, оң аяқ алдыда, қол дайындық қалпында, дене 1 нүктеге қарау 1-ге 2-ге- preparatoin, оң қол 1- қалыпқа көтеріледі,  сол қол 2- қалыпқа, оң аяқта demi plie, сол аяқта артта созыңқы толық табан қалпында болады 3-ке 4-ке- оң аяқта plieден жарты башпайға тұрған сәтте,  сол аяқты  қатты сермеп жанға 2- қалыпқа 90* ашылады 1-ге 2-ге - күтеміз (пауза) 3-ке 4-ке сол аяқ V қалып жарты башпайға келеді,  аяқтар plieге отырып, жаттығу аяқталады,  қолдар дайындық  қалпына келеді Жаттығу зал ортасында оң аяқтан