Top
a

5-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 2

5- сынып. Әлемдік музыка әдебиеті.

Сабақ № 2

Тақырып:  А.И.Хачатурян. Шығармашылығы.

30 — 40-жылдары А.Хачатурян кинофильмдер мен драмалық спектакльдерге музыка жазады.  1940 жылы композитор өзінің аса көркем шығармаларының бірі — скрипка мен оркестрге арналған концертін жазады. Концертті автор оның алғашқы орындаушысы ілемге танымал скрипкашы Д.Ойстрахқа арнайды.   1944 жылы композитор Армян КСР-ның гимніне жарияланған конкурсқа қатысып, оның жеңімпазы атанады. Ол 1942 жылы «Гаянэ» балетін жазады. «Гаянэ» — композитордың көркем де үздік шығармаларының бірі. Оның басты ерекшелігі — музыкалық тілінің ұлттық сипатында. Балет музыкасы жеке симфониялық шығарма ретінде де жиі орындалады. Композитор бұл шығармасында үш түрлі би сценаларын қолданған. Олар: «Курдский танец», «Танец красных» және «Танец с саблями».  60 – 70 жылдары композитор еліміздің бірқатар аймактарында, Греция, Германия, Америка Құрама Штаттарында концерттік сапармен болады. Осы кездегі оның дирижерлік қызметі мен музыкалық көркем шығармалары шетел мамандары тарапынан аса жоғары бағаланады.

          А.Хачатурян — тәжірибелі педагог, Гнесиндер атындағы музыкалық-педагогикалық институт пен Москва консерваториясында ұстаздық қызмет жасаған. Р.Бойко, А.Эшпай, К.Волков, М.Минков — бәрі де А.Хачатурянның шәкірттері.

           А.Хачатурян шығармашылық жұмыстан қол үзіп көрмеген композитор. Түрлі қоғамдық, педагогтік, концерттік жұмыстарды атқара жүріп, музыка жазуын тоқтатпаған. Соғыстан кейінгі жылдары оның жазған көрнекті туындысы — «Спартак» балеті. Осы шығармасы үшін композитор 1959 жылы Ленин сыйлығына ие болды.

          А.Хачатурян  — аспаптық музыка шебері.   Композитордың фортепьянолық шығармалары да баршылық.

Тапсырма. Музыка тыңдау: «Гаэне» балетінен«Курдский танец», «Танец красных» және «Танец с саблями».