Top
a

4-сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 1 сабақ

4 –сынып. Әлемдік музыка әдебиеті

 № 1 сабақ

Тақырып: Н.А.Римский-Корсаков. Өміржолы, шығармашылығы.  

        Николай Андреевич Римский-Корсаков — 1Ресейдің  композиторы, дирижер. 844 жылы Новгород губерниясының  Тихвин қаласында дүниеге келді. Композитордың болашағына оның үлкен ағасы, теңіз офицері, болашақ контрадмирал Воин Андреевич қатты әсер етті. 6 жасында ол үйде білім алып, фортепианода ойнай бастады, бірақ музыка балаға кітаптарға қарағанда әлдеқайда үлкен әсер етті. Оған әсіресе  шіркеу әндері қатты ұнайтын. Сонымен қатар орыстың ұлттық әндеріне қызығушылығы артты.    11 жасында ол өзінің алғашқы музыкалық шығармаларын жаза бастады. 1856 — 62 жылдар аралығында  теңізшілер кадет корпусында оқыған. 1858 ж. пианист Ф.А. Канилледен дәріс алған. Римский -Корсаков М.Балакиревтің “Могучая кучка” шығармашылық үйірмесінің мүшесі болды және соның нәтижесінде оның музыкалық танымы, бағыты, эстетикалық көзқарасы қалыптасты. Ол Балакиревтің ықпалымен 1861 — 65 жылдары   1-симфониясын жазады. 1867 жылы  “Садко” музыкалық суреттемесі мен бірқатар романстар жазған. 1868 ж. “Антар”  атты  2-симфониясын, 1872 ж. “Псковитянка” операсын дүниеге әкелді. 1875 — 76  жылдары “Орыстың 100 халық әні”  , 1875 — 82 жылдары “40 әуен” ,  1878 — 79 ж. “Майская ночь” және  1880 — 81 ж. “Снегурочка” операларын жазды. Кейіннен симфониялық оркестрге арналған “Ертегі” (1879 — 80), оркестрге арналған фортепианолық концерттер (1882 — 83), симфониетта (1884 — 85), сондай-ақ шығармашылығының  шыңы  болып есептелетін “Испанское каприччио” (1887) мен “Шехеразада” (1888) жазылды. “Ночь перед Рождеством” (1894 — 95), эпикалық “Опера-былина”, “Садко” (1893 — 96), камералық опера “Моцарт және Сальери” (1897),  “Царская невеста” (екеуі де 1898), “Кащей Бессмертный” (1902) опералары дүниеге келді.  Римский -Корсаков жазған “Основы оркестровки” және “Учебник гармонии” атты еңбектері өзінің ғылыми-педагогикалық маңызын осы күнге дейін жоймай келеді. 1890-жылдардың басына қарай композитордың шығармашылық қызметі аздап төмендеді: бұл кезеңде ол философияға қызықты, мақалалар жазды, сонымен қатар өзінің ескі шығармаларының кейбіреулерін қайта қарастырып, өзгертті. Кейін оның шығармашылығы қарқынды дами түсті: бірінен сон бірі түрлі операларын жазды:  «Ночь перед Рождеством» (1895), «Садко» (1896), «Моцарт және Сальери» (1897), «Псковитянка» және «Царская невеста» (1898). 1908 жылдың 8 маусымында Любенск қаласында, қала сыртындағы қоныста қайтыс болды. Ол жерде қазір композитордың  мемориалды мұражайлық кешені орналасқан.

Ресурс: https://www.youtube.com/watch?v=X0f26Wx_fpE

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.