Top
a

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті №6 сабақ

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті  

№ 6 сабақ

Тақырып: Балет өнері

Балет (франц. ballet, итал. balleto, лат. ballo — билеймін) — сахналық өнердің бір түрі, мазмұны музыка-хореографиялық образдар арқылы ашылатын спектакль. Балет — ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене қимылымен көрсетеді. Балетте  либретто жазушыны  сценаристмузыка шығарушыны — композитор, билерді қоюшыны-  балетмейстер деп атайды. Балеттің мазмұны би мен пантомима арқылы бейнеленеді. Пантомима — сөзсіз, адам денесінің мәнерлілігімен, мимикамен спектакльдің мазмұнын ашатын театр өнерінің бір жанры. Сюжетті балеттерде қимыл-пантомима мен әрекетті көріністер (па, g’аксьон) көп қызмет атқарады. Балеттің дәстүрлі музыка-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі кісілік би (па-де-де) және көпшілік биі (па-де-труа, па-де-катр, гран па). Балет өнері:  шағын балетбалет-пантомимабалет-феериялар болып бөлінеді.

Балет қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Балет өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста дамыды. Оған көбінесе музыка мен әдебиеттегі ағымдар ықпал жасап отырған. XVII ғасырдың ІІ-жартысында өмірге опера-балет (композиторлар Люлли, Рамо) және комедия-балет (драматург Мольер) келді. XVIII ғасырда Англияда, Австралияда, кейінірек Францияда балет өнердің жеке бір саласы болып  қалыптасты. Осы кездегі би өнерінде үлкен реформатор болған француз балетмейстері  — Ж. Новер.

Үй тапсырмасы: Балет өнері туралы оқу.