Top
a

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті № 5 сабақ

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті  

№ 5 сабақ

Тақырып: Опера өнері

Орыс операсы

        Алғашқы орыс опералары 18 ғасырдың 70-жылдары пайда болды. Классикалық орыс операсының негізін салған М.И.Глинка. Оның халықтық-патриоттық тақырыпқа жазылған «Иван Сусанин» (1836) мен «Руслан и Людмила» (1842)  реалистік опера өнерінің үлгілері болып табылады. Ресейде тұңғыш әлеуметтік-тұрмыс драмасын А.С. Даргомыжский жазды. («Русалка», 1855)  «Могучая кучка» композиторлары орыс операсын одан әрі дамытып, оның классикалық үлгілерін жасады.  Музыкалық театрда П.И. Чайковскийдің опералық шығармашылығы ерекше орын алады.. Орыс операсының дамуына мол үлес қосқан композиторлар:А.Г. Рубинштейн, С.В. Рахманинов, А.Н. Серов, т.б.

Қазақ операсы

     Қазақтың опера өнерінің дамуы 20 ғ.басынан  басталды.   1934 жылы     Е.Г. Брусиловский казақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібекті», одан кейінгі жылдары Жұбанов пен Л.А. Хамиди «Абай» (1944), М.Төлебаев «Біржан — Сара» (1946), Қ.Қожамияров «Назугум» (1956), С.Мұхамеджанов «Айсұлу» (1964), Е.Рахмадиев «Қамар сұлу» (1963) және Ғ.Жұбанова «Еңлік-Кебекті» (1975) жазып, ұлттық операны кәсіби тұрғыда жаңа белеске көтерді. 2000 жылы Астана қаласында Опера және балет театры ашылды, ал  2013 жылы Астана қаласында жаңа «Астана-опера» ұлттық опера және балет театры ашылды.

    Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.