Top
a

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті. Сабақ № 7

2 сынып. Әлемдік музыка әдебиеті  

Сабақ № 7

Тақырып: Балет өнері

Орыс балеті

        XIX  ғасырдың бас кезінде орыстың балет өнері едәуір табысқа жетті. Е.И. Колосова, М.И. Данилова, А.И. Истомина, А.П. Глушковский сынды бишілер тобы өз өнерлерімен бой көрсетті. Балет өнері мен музыкасының ілгері дамуына кезінде зор үлес қосқан орыстың ұлы композиторы П.И. Чайковский болды. Балетмейстерлер М. Петипа мен Л.И. Иванов орыстың халық билерін классикалық би үлгілерімен ұштастыра отырып, оның “Спящая красавица ”, “Лебединое озеро ” және “Щелкунчик” (1890 — 1895) балеттерін қойды.

Қазақ балеті

          Қазақ балеті алғашында драматикалық, опералық спектакльдер ішіндегі би көріністері ретінде қалыптаса бастады. 1938 жылы қазақ музыка театрында қазақтың тұңғыш балеті “Қалқаман — Мамыр” қойылды. В.Великановтың “Қамбар—Назым”, Н. Тілендиев, Л. Степанов пен Е. Манаевтың “Достық жолымен” және Ғ. Жұбанованың “Аққұс туралы аңызы” — қазақ Балет өнерінің өсу кезеңін көрсететін шығармалар. Т. Мыңбаевтың “Фрескалар”, А. Серкебаевтың “Ақсақ құлан” балеттері ұлттық композиторлық мектептің өсіп, өркендеуінің айқын айғағы болды. Жер-жерде балет спектакльдерін қоятын халық театрлары құрылды.

Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу.