2- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша 1-Сабақ
2- сынып. ІV тоқсан бағдарламасы бойынша
1-Сабақ
III port de bras (зал ортасында)
Дайындық қалпы: аяқтар 1-қалып, қолдар дайындық қалпы, дене 1- нүктеге қарау
1-ге 2-ге- preparathoin, қолдар 1- қалып арқылы 2-қалыпқа ашылады
1-ге 2-ге 3-ке 4-ке- қолдар allonje жасап, бас оң қол саусақтарына қарайды, дене алдыға еңкейеді, қолдар төменде 1-қалыпта кездеседі, дене сол сәтте аяқтар тұрған жерге дейін төмен майысады
1-ге 2-ге 3-ке 4-ке – қолдар 3- қалып арқылы жоғарыға денемізбен бірге бастапқы қалыпқа оралады, қолдар 3-қалыпта қалады
1-ге 2-ге 3-ке 4-ке – қолдар 3-қалыпты ұстай отырып, денеміз барынша артқа майысады
1-ге 2- ге 3- ке 4-ке — қолдар 3- қалыпты сақтап, денеміз бастапқы қалыпқа оралады
1-ге 2-ге 3-ке 4-ке- қолдар 2-қалып арқылы дайындық қалпына келеді. Қимыл аяқталады.
Жаттығуды ең алдымен станокта бір қолмен жасайсыз, сосын зал ортасына жасайсыз.
Үй тапсырмасы: жаттығуды қайталау