Top
a

2-сынып.Театр тарихы, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 4

Сабақ № 4

Тақырыбы:  Наз мемлекеттік би театры

Наз мемлекеттік би театры МКҚК — 1999 жылы Астана мемлекеттік филармониясы жанынан құрылды. Өнер ордасының іргетасын қалаған хореографтар ҚР Мәдениет қайраткері Еркебұлан Ағымбаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қадиша Ағымбаева. 4 бишіден құрылған би ансамблі бірнеше жылдан кейін «театр» статусына ие болды. 2007 жылдың 1 наурыз айынан бастап қала әкімшілігінің шешімімен «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК болып өз алдына бөлек шаңырақ құрды. Театрда балет залы, көрермен залы 280 адамға және әкімшілікке арналған кабинеттер бар.

Бүгінде театр репертуарында 100 астам ұлттық билер мен оннан астам хореографиялық спектакльдер бар. Театр бишілері ұлттық билермен бірге әлем халықтарының билерін кәсіби деңгейде орындап жүр. Мемлекетіміздің имиджін қалыптастыруда да «Наз» мемлекеттік би театрының еңбегі орасан. Шетелдерде еліміздің атынан бірнеше ісшараларға қатысып, абыроймен өнер көрсетіп жүр.

«Наз» би театры Республикадағы өтетін барлық мәдени-бұқаралық, мерекелік іс-шаралардың және өз елімізбен шет елдерде өтетін ауқымды азия ойындары, байқаулар мен фестивальдардың белсенді қатысушысы.

Түркия, Мәскеу, Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея, Болгария, Грекия, Қатар, Бельгия, Голландия, Франция, Арабия және Норвегия мемлекеттерінде ұлттық би өнерін насихаттап, қазақ биінің сұлулығы мен сымбатын тамсандыра көрсетіп, тұғырын биік ұстап келе жатқан ұжым.

Театрдың репертуарлық саясаты тым тереңде жатыр. Репертуар әсемдік пен әдемілікті ғана көрсетіп қоймай, басты назарда қазақ тарихын, фольклорын, музыкасын, этнографиясын көрсетуді мақсат тұтады. Оған «Білезік ойыны», «Серпін», «Шернияз», «Көктем билері» мысал бола алады. Ал «театр» деген атқа лайық болу үлкен еңбекті талап ететіні сөзсіз. Осыған дейін «Тұйғындар», «Нұрғиса», «Мың бір түннің бір түні», «Болеро», «Ақ пен қара», «Усана» атты хореографиялық спектакльдерді көрермен назарына ұсынды. Осындай ірі тәжірибелер мен эксперименттердің нәтижесінде 2019 жылы «Шыңғысхан» хореографиялық спектаклі сахнаға жол тартты. Бұл қойылым өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері Шыңғысханның өмірі мен ерен еңбегіне арналған. Қойылымда аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, Шыңғыс ханның бала кезінен бастап, ер жетіп, ел билеген кезеңдері қамтылды.

Тапсырма:Театрдын жеткен жетістіктері жаз

Инстаграм парақшасы:@naz_bi_teatry

Ютуб парақшасы:Театр танца Наз