Top
a

2-сынып. Сурет Сабақ №1.

Сабақ №1.

Тақырып: Жерде орналасқан үлкен заттардан құралған композициялық натюрморт Құрылымы. Жеке деталдау


Натюрморт салу-ол қозғалыссыз заттарды бақылап, зерттеу. Нәтижесінде көркем туындылар өмірге келеді. Натюрморттың екі түрі бар.

1.Әдемі, сәнді заттарды бейнелейтін натюрморттар. Мұнда суретші заттың пішінін, түсін, материалдың сұлулығын,зат сапасының ерекшелігін көрсетеді.

2.Заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморттар.  Заттардың өзі кімге тиесілі екенін бейнелеуді негізге алады.

Натюрморт салуды суретші оны құрастырудан бастайды. Ол әр түрлі заттарды таңдап салыстырып, солардың ішінде түр және мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес заттарды іріктеп алу, одан кейін натюрморттың композициясын құру. Заттардың орнынәр түрде ауыстырып, ең ұтымды нұсқасын іздеу,тартымды композицияға қол жеткізу.
— Біз бүгінгі сабақта натюрморттың 4 түрімен таныса отырып, композиция құрастыруды орындаймыз.
1. Жеміс — жидек топтамасы.
2. Ойыншықтар топтамасы.
3. Оқу құралдарының жиынтығы.
4. Музыкалық аспаптар жиынтығы.

Үйге тапсырма. «Ойыншықтар» натюрмортын құрастыру және бояу.