Top
a

2-сынып. Сахна тілі, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 1

Тақырыбы: Тіл техникасының комплексті жаттығулары

Ерін, тіл, жақ,тіл техникасының негізгі. Барлық дыбыстардың анық, дұрыс айтуы,ерін, тіл, жақ қозғалыстарынан және қалыптарынан бастау керек.

Арнайы мақсатқа жасалатын жаттығулар, артикуляциялық аппараттардың, керек дыбыстардың дұрыс айтылуына көмектеседі. Әрбір комплекс еріннің, тілдің, жақтың белгілі қозғалыстарын және қалыптарын дайындап, бағытталған ауаны үрлеп шығаруға дағдыландырады.

Тапсырмалар:

Гигиеналық массаждар

1. Сөз сөйлеу апараттарын дайындаймыз

2. Саусағымызбен басқа массаж жасаймыз («м» дыбысын айта отырып)

3. Маңдай, бет, иек, мойын, кеуде, қабырға, ішімізге массаж жасаймыз

Вибрациялық жаттығулар

  1. Астыңғы ернімізді саусағымыздың ұшымен соққылаймыз («б» әріпін айта отырып)
  2. Үстіңгі ернімізді саусағымыздың ұшымен соққылаймыз («з» әріпін айта отырып)
  3. Аузымызды  ашып, астыңғы иегімізді қолдың қырымен  соққылаймыз («а»әріпін айта отырып)
  4. Кеудемізді жұдырықпен соққылаймыз («а» әріпін айта отырып)
  5. Қабырғаларымызды қолдың қырымен  соққылаймыз(«а» әріпін айта отырып)

Артикуляциялық  жаттығулар

1. Тісімізді тілімізбен тазалаймыз.

2. Екі ұртымызға кезек-кезек укол саламыз

3. Тілімізді шайнаймыз

4. Тілімізді барынша сыртқа шығарамыз

5. Тілімізді тербейміз

6. Тілімізді таңдауға қағу арқылы, үлкен аттың жүрісінсаламыз (дауысын )

7. Тілімізді таңдауға қағу арқылы, кішкентай аттың жүрісін саламыз (дауысын )

8. Ерінді қағамыз

9. Ернімізден трубочка жасаймыз.

10. Ернімізден қарандаш жасап, сурет саламыз

(дұрыс жасалса бет бұлшық еттерің ауырады)