Top
a

2-сынып. Сахна тілі, 4-тоқсан бағдарламасы бойынша Сабақ № 2

Тақырыбы: Аралас диафрагмалық немесе толық тыныстау Тынысты жылдамдықпен шығару. Тыныс жолдары кедергілері

Жалпы дем алудың белгілі 3 түрі бар: кеудемен дем алу, ішпен дем алу, аралас-диафрагмалық , яғни толық дем алу. 

Алғашқы  айтылған дем алудың екі түрі тиімсіз әдіс.  Бұл арада үшінші әдіс, аралас-диафрагмалық  яғни, толық  тыныс алу бізге ерекше. Бұл әдісте, кеуде  бұлшықеттері мен іш қатпары бір мезгілде жұмыс жасайды.  Толық дем алған тұста- кеуде көкіректей кеңіп, дыбыс жолдары ашыла түседі. Дауысты  дұрыс, әсерлі жолға қоюдың ең тиімді тыныс үлгісі.

Толық кеудемен дем алған кезде, дауыс жарқын әрі қатты шығады. Ал ішпен тыныс алғанда дауыс тұншығып, төмен  шығады.  Алақаныңды кеуде мен асқазан тұсына қойып, ішпен дем алсаң, яғни, деміңді  ішке тартсаң қарынның ілгері шыққанын және кеуде клеткаларының тартыла түскенін байқауға болады. Міне осы дем алудың түрін – диафрагмалық –толық тыныстау деп аталады. Толық тыныстағанда иық көтерілмейді, ішіміз бен кеуде клеткасының арасына ауа толғанын байқауға болады.

Тапсырмалар:

Мынадай машықтау жаттығулар  жасаймыз:Тұрысыңыз нақты және түзу болу керек. Қолыңыз іш пен кеуде клеткасының арасында, дем алған кезде алақаныңызбен  ауаның толық жиналғанын сезуіңіз керек. Бірақ иығыңыз көтерілмеу керек.

Үстіңгі ережедегідей тұрысқа тұрыңыз  ауа толғаннан соң :

  1. ТССССССС (Созып ауа шығарамыз)
  2. БЗЗЗЗЗЗЗЗЗ (Созып ауа шығарамыз)
  3. СУФФФФФ(Созып ауа шығарамыз)

Үстіңгі ережедегідей тұрысқа тұрыңыз  ауа толғаннан соң :

Асықпай 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10-11-12-13-14-15-16-17-18-19-20-21-22-23-24-25-26-27-28-29-30 дейін санап, ауаны барынша үнемдеп асықпай шығару керек  немесе эпос жырдан үзінді оқуға болады .

(Сіздерге  берілген батыр жырымен жұмыс жасайсыңдар)

  • Қолды созамыз да, екі қолды айқастырамыз.(қол айқасқанда дем аламыз, созғандадем шығарамыз)
  • Екі аяқты кезек-кезек көтеру арқылы.
  • Насоспен доп үреміз. Елестету арқылы
  • Демді дұрыс алдық па? Тексереміз.Бір қолмен ішімізді ұстаймыз, екінші қолды жоғары көтеріп, демге ашып жабамыз.
  • Бір қолмен ішімізді ұстап, екінші қолымызды аузымызга қарсы алыс ұстаймыз. (Дем салқын болу керек).