Top
a

2-сынып. Актер шеберлігі пәні. 4-тоқсан. Сабақ № 1

Тақырыбы: Ертегілер  әлемі. Шығармалар таңдау, мәтінмен жұмыс жасап, сөз астарын ашу

Ертегілер мағынасы  жағынан  қарапайым,  талас-тартысқа,  ірі  оқиға, оқиғалар тізбегіне құрылған болуы керек.

Ең  басты  міндетің: жаттығулар  арқылы  этюдқа, құралған этюдтарды, ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттерімен ұштастыру  керек.

Мақсатың: жасап  жатқан  әрекетіңе,  ұсынылған  тосын  жағдайға,  оқиғаларға  сену.Қарапайым  әрекеттерден,  өз  басыңнан  өткерген,  өзің  ғана  білетін  кішігірім  оқиғаларға  барған  жөн.  Оны  да  тек  өзі  ғана  ойлап  тауып,  өз  ақылымен  өз  қиялымен,  ешкімнің  жетегінсіз  істегенің  дұрыс.

Ертегі сенің қиялдауыңа, армандарыңа қол жеткізуге септігін тигізеді. Шығармашылық мүмкіндігің кеңейіп, көркем әдеби шығармаға қызығушылығың артып, көркем сөйлеп, сөздік қорың байиды.

Тапсырма:

-кез келген кітаптан, өзің қарай алатын сайттарыңнан ертегілер оқисың

-ішінен  өзіңе ұнайтын ертегіні таңдайсың

-таңдаған ертегіңді дәптер бетіне түсіресің

-мәтіннің дұрыс жазылғанын тексересің

-әр сөздің астарын ашасың

-ертегінің жалпы мағынасын, көрерменге айтар ойын зерттейсің

Teatrkukolnursultan инстаграм паракшасында ссылкасын ашып, сондағы барлық ертегілерді  қарап  шығасың