Top
a

2-сынып. Актер шеберлігі пәні. 4-тоқсан. Сабақ № 3

Тақырыбы: Актер шеберлігі элементтерін пайдалана отырып, іс әрекетке көш, кейіпкерлерді зерттеу, диалогтармен жұмыс жаса

Сахнада роль ойнау сәтінде актер қолма-қол жылауға, бірден күлуге, болмаса аяқ астынын ғашық  болуға, не жек көруге, әйтпесе шексіз, шетсіз шаттыққа бөленуге өзін-өзі қанша күштегенмен шынайы шындық пен сахналық көркемдікке жете алмайды. Өйткені, ол зорлықпен сахнада сезімді ойнауға , оны бойынан күштеп шығаруға тырысады. Сол себепті де актер сахна төрінде  сезім туралы ойламай, әркет етуі тиіс, яғни сезімді емес, әрекетті ойлауы керек. Демек, актер өзін-өзі зорламай, шындап әрекетке көшкен жағдай ғана сезім өзідігінен пайда болады. Олай болса сезім әрекетті емес, әрекет сезімді дүниеге келтіреді.

Іс-әрекетке көшу. Қимыл – әрекеттер белгілі бір мақсатқа жету үшін  жасалынады. Кейіпкердің  әрекет  етуіне  түрткі  болатын  себеп-салдарлар актер өнерінің  әсем де көркем   көрінісін тудырып, оның алдына нақты міндет қояды. Актердің шынайы әрекет етуі оның  «неге?»,  «не  үшін?»,  «неменеге?»,  «қашан?»,  «қайда?»,  «қалайша?»,  «қандай  жағдайларда?»  деген  сұрақтарға  жауап  беру  жағдайында  іске асады. Әрекеттер бірнеше майда әрекеттердің жиынтығынан  тұрады. Сахнада дайындық кезінде ең майда әрекеттердің өзі алғашында саналы түрде орындалады. Дегенмен сол ең майда әрекет сахналық мақсат – міндетті шешу  барысында зор роль атқарады. Сондықтан актер қимыл-әрекет жасаудан бұрын,  оның жасалу себебін егжей –тегжейлі ұғып  алуы  керек. 

Тапсырма:

Мысалы, орындыққа  отыру керек.  «не  үшін  отыру  керек?»,  «қалай   отыру  керек?» т.б.

1). Әркетпен ақта. Орындыққа себеппен отырдың, «не  үшін»?

2). Әркетпен ақта. Есікті жай ашып кіріп, қатты жауып шығып кеттің, «не  үшін»?

3). Әркетпен ақта. Орындықтың үстіне себеппен шықтың, «не  үшін»?

Ертегінің кейіпкерлерін зерттеу: үйжануарларының, жабайы аңдардың, жәндіктердің, өсімдіктердің, құстардың тіршілігін, сондай-ақ, 3-6 жас аралығындағы балалардың мінез-құлқын зерттеуден тұрады.

1) Қарны ашқан мысық. Жараланған кушік, ашуланған күшік, тауықтын дауысы, жүрісі

2) Адасқан лақ. Сиырдың дауысы, анасын іздеген бұзау. Маймылдың журісі, дауысы, тамақ жегені.

3) 3-6 жасар ауладағы, бақшадағы баланың әрекеттері. Оқиға құрастыр

Диалогпен жұмыс жасау

Үйіндегі бар қуыршақты немесе ойыншықты пайдалан. Диалогпен жұмыс жасауды үйрену үшін алдымен  қуыршақ немесе ойыншықты, өзіңнің сахнадағы серіктесің ретінде елестет. Диалогтағы екі кейіпкердің де сөздерін, дауыс үніңді өзгертіп, өзің сөйлей отырып, образға мінезін ашуға тырыс.