Top
a

2-сынып. Актер шеберлігі пәні. 4-тоқсан. Сабақ № 2

Тақырыбы: Актер шеберлігі элементтерін дамытуға арналған, тренинг жаттығулар

Іс әрекетке дайындық

Бұл  жаттығулар  актерлық зейініңді, ойлап табу қабілетіңді, серіктесіңді түсіне білу түйсігіңді, көпшілікті көру, сезу, бағалай білу қабілетіңді арттырады, яғни, сахнаға қатысты әрекеттердің бәрін меңгеруге  көмектеседі. Сонымен қатар, қысылу, ұялу, қымсыну, құрысып – тырысу тектес сезім түрлерінен арылуға және атқарылар әрекеттерді тез, еркін,  шапшаң, іштей сезіп орындауға көмектеседі.

Тапсырма:

  1. 10 түрлі затты ұстап шығу  (10 рет шапалақ соққанда үлгеру)
  2. 10 қаланы атап шығу (Қазақстанның). ( 10 рет шапалақ соққанда үлгеру)
  3. 10 машинаның маркасын атап шығу (10 рет шапалақ соққанда үлгеру)
  4. 10 қаланы атап шығу (Шетел қалаларын). (10 рет шапалақ соққанда үлгеру)
  5. «Жүріс» жылдамдықпен жүру, соққы, қатып қалдың, тұрысты кез келген әрекетпен ақтау.
  6. Жаттығу: «Есіңде ме»  орындықтың  тұрысын есіңе сақтау тренингі арқылы зажимнен арылу.

Қиял – елес, «егер де» ұсынылған элементтерге арналған жаттығулар:

      1.  Елестету арқылы жоқ затпен жұмыс жасау. Арқан, доп, стакан, үтік, шкаф, т.б заттарды елестету аркылы ғана ұстап, қандай мақсатта пайдаланғаныңды сөзсіз, әрекетпен көрсет. 10 зат болу керек

      2. Адам сезімдеріне (көңіл-күйге) арналған жаттығу. Өте қуанышты хабар алдың, телефонмен, хатпен. Әрекетің?

     3. Әуенге ілесіп билеу, әуен тоқтағанда қимылсыз бір орында қатып қалу, сол тұрыстан  әрі қарай жан-жануардың қимылымен ақта.