1-сынып. Сахна қозғалысы. Сабақ №3
Тақырыбы: Балалар әнін қолдана отырып, кординациялық жаттығулар жасау
Кординациялық жаттығу- белгілі бір мақсаттарға жетуге (қозғалыс міндеттерін шешуге) бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы. Спектакль кезіндегі әр түрлі билер және сахналық төбелестерді орындау кезінде кординациялық жаттығулардың көмегі өте зор.
Кординациялық жаттығуларды 3 ке бөлеміз:
- Екі қолды әр түрлі бағытта тең дәрежеде қолдану.
- Екі аяқты әр түрлі бағытта тең дәрежеде қолдану.
- Барлық денені қолдану.
Осы жаттығуларды балалар әндерінің ритміне сала отырып, кординациялық жаттығулар жасаймыз. Уақыт өте келе жаттығулармыз күрделене түседі. Яғни, күрделі ритмдегі музыкаларға, күрделі ритмикалық кординациялық жаттығуларға ауысады.
Ескерту: алғашқы кординациялық жаттығуларды дұрыс меңгермесе, кейінгі күрделі жаттығуларды үйрену кезінде қиындық туғызады.
Тапсырма: балаларға арналған baibi chark әнін жаттау арқылы жаттығуларды қосу.