Top
a

1-сынып. Сахна қозғалысы. Сабақ № 1

Тақырыбы: Жылдамдық түрлері.

Жылдамдық- адамның сыртқы орта тітіркендіргіштеріне дереу жауап беретін және шапшаң қимылдар жасай алатын қасиет. Жылдамдықтың құрамына: шапшаң қимыл жасауға икемділік, тездік жатады. Көліктердің немесе ұшатын денелердің жүру қозғалысы, дененің белгілі бір қашықтықта жүріп өту уақыты, қарқыны. Деген физикалық анықтама бар. Сахна қозғалысындағы жылдамдық бес топқа бөлінеді.

  1. Өте жәй жүріс.
  2. Сәл жылдам жүру.
  3. Күнделікті өмірдегі жүріс.
  4. Күнделікті жүрістен жылдам.
  5. Жүгіру.

Осы бес жылдамдық спектакль кезінде көп қолданыста болады. Бұл жылдамдықтарды дұрыс игерген актер, спектакль кезіндегі үнемі ауысып тұратын темптерден қиналмайды. Әдетте бірінші, екінші жылдамдық спектакльдің басында, үшінші жылдамдық ортасында, төртінші, бесінші жылдамдықтар спектакльдің соңында қолданылады. Бірақ, бұл қатып қалған жылдамдық емес. Спектакль бесінші жылдамдықпен де басталуы әбден мүмкін. Сондықтан актер кез келген тосын жағдайға дайын болу керек.

Тапсырма: өмірдегі жүрісің арқылы басқа жүрістердің ара-қашықтығын анықта (жүру арқылы есепте).