Top
a

1 – сынып. Мүсін өнері Сабақ № 2

1 – сынып.  Мүсін өнері 

Сабақ № 2

Тақырып: Мүсіндемеде пайдаланатын материалдар

Мүсіндеме жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді:

Мүсіндеме жасауда саз, балауыз, пластилин қолданылады. Бірақ бұлардан жасалған мүсіндемелер тез тозатын болғандықтан, көбінесе гипстен көшірме жасалады. Мүсіндеме жасар алдында темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың қаңқасы пішінделіп, соған толған материалдың бәрін жабыстыру арқылы мүсінші ойындағысын орындап шығады.

  • Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, бетон, пластмасса сұйық (ерітілген, араластырған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді. Ежелгі Грекияда хрисоэлефантинналық бедерлі алтын қаңылтыр мен ағаш қаңқаға жапсырылған піл сүйегінен жасалды
  • Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың іші-сыртындағысы образ жасауға қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас Мүсіндеме қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т,б,) қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланады.

Керамикадан да Мүсіндеме жасалады. Ол үшін саздан істелген мүсінше үлгілерді арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе түрлі түсті жылтырақ (майолика, фаянас, фарфор), кейде жылтырамайтын бояулар (терракота, фарфордың бисквит деген түрі) жалатылады. Мүсіншінің жұмыс тәсілі негізінен төмендегіше: пластилиннен не саздан кішкене нұсқа жасалып, ол одан кейін сазға үлкейтіп көшіріледі.

Бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=7294410609323984746&text=скульптура+материалы&where=all

Үй жұмысы: тақырып бойынша  мәліметтер жина