Top
a

1-сынып. Композиция Сабақ № 7

1-сынып.  Композиция

Сабақ № 7

Тақырып: Ай,күн, жұлдыз, көк әлеміне байланысты оюлар.

«Күн» ою-өрнегі күнді меңзейді. Күн, Ай, Аспан бейнеленген тұмарлар қасиетті деп саналған, себебі діни ұғымда бұлардың магиялық күші бар деп сенген. «Күн», «күнкөзі», «күнсәулесі», «шыққанкүн» ою-өрнектері кілемнің, түскиіздің дәл ортасына салынады, сол сияқты бұл элемент кесте тоқуда немесе ағаштан, сүйектен ойылған заттарды бедерлеуде және ат-әбзелдерін әшекейлеуде қолданады. Ең ежелгі космогониялық ою-өрнек қола дәуірінен бастап бейнелеу өнерінде түрлі нұсқада кездеседі. Солярлік таңбаларға ежелгі адамдар табынған. Сондықтан өздерін қоршаған заттардың бәріне осы таңбаны пайдаланған. «Күн» ою-өрнегі тамғалы петроглифтерінде, андрондықтардың зергерлік бұйымдарында, сақтардың (скиф) қолөнер бұйымдарында, сондай-ақ орта ғасырда салынған сәулет өнерінде Бабаджа-хатун, Алашахан кесенелерінде кездеседі.

 «Ай» ою-өрнегі көшпенділердің космогониялық дүниетанымынан туған элемент. Сақтар (скиф) «ай» элементін киіз бұйымдары мен ат-әбзелдерде көп қолданған, ал қазақ халқының наным-сенімдерінде көк қасқа малды рәсімдерге қатысты сойған. Аттың түсі аспанды, ал оның қасқасы айды тұспалдайды. Ондай наным-сенімдер космогониялық діни дүниетанымнан және түркілердің Тәңірге табынуынан туған қүбылыс. «Ай» таңбасы мұсылмандардың мешіттің, күмбездің төбесіне қойылатын нышандық белгісі.

«Жұлдыз» ою-өрнегі космогониялық элементтерге жатады. Көшпенділердің қолөнері мен зергерлік бүйымдарында төрт, бес, алты, сегіз жұлдыз болып қолданады. Жұлдыздың сұлбасы кілемнің ортасына және қоладан, алтыннан жасалған тұмарға түсіріледі. Сақтардың (скиф) «шошақ төбелі бөркінің» конструкциясы бесжүлдыздың пішіміне ұқсас. Ежелгі көшпенділердің космогониялық діни дүниетанымы артефактілерге бейнеленген символдық таңбалармен тығыз байланысты.

Үй жұмысы: өрнектерді сал