Top
a

1-сынып. Композиция Сабақ № 6

1-сынып.  Композиция

Сабақ № 6

Тақырып:Геометриялық фигуралар тектес оюлар.

Геометриялық ою-өрнектерді қиық шаршылар, иректер, үшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды. Қазақ ою-өрнегінің геометриялық нақышы көшпелі қазақтарға грек математигі Пифагордың заңдары мен нақты сандардың белгілі болғанын көрсетеді. Өйткені, біздің ата-бабаларымыз тек көшіп-қонып қоймай, сонымен қатар ірі қалаларда өмір сүрген. Олардың ортасында қолөнершілер, саудагелер, құрылысшылар көп болған. Өсімдік тектес өрнектермен араласқан геометриялық нақыштарды Бабажы қатын (ΧΙ — ΧΙΙ ғғ.), Айша бибі (ΧΙ — ΧΙΙ ғғ.), Қожа Ахмет Иасауи (ΧΙΙΙ — ΧΙV ғғ.) және т.б. монументті құрылыстардан көруге болады.
Геометриялық ою-өрнектердің элементтері төрбұрышты, қиық шаршылы, жұлдызды болып келеді. Олар ағашты көркем өңдеуде, үй іші мен жиһаз бұйымдарын, музыкалық аспаптар мен аңшылық саймандарды әшекейлеуде өте жиі кездеседі.
«Ирек», «ирек су» геометриялық өрнектері қисық сызықтар сынығынан тұрады. Осы сызықтардың шегі болмауы да мүмкін. Олармен бешпенттер, камзолдар, шапандар және тақияның жиегі, сондай-ақ сақинабілезікқапсырма, алқа секілді зергерлік бұйымдар, ши тоқымалары, сырмақтар мен кебеже, жүкаяқтар, ыдыс-аяқ пен киім-кешектер әшекейленеді.

Үй жұмысы: Фантазияны қосып өрнек құрастыру.