Top
a

1-сынып. Композиция Сабақ № 5

1-сынып.  Композиция

Сабақ № 5

Тақырып: Аңның дене мүшесіне байланысты ою-өрнектер.

«Қырықмүйіз» ою-өрнегі тармақтары көп мүйізден құралған ою -өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде ағаш бүтағы тәрізді тармақталып немесе жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді ою-өрнек элементтерден қүралады. Ежелгі сақтар (скиф) тармақталған бұғының мүйізін аттың бетбейнесінде (маскі), аң мен құстың мифтік образын жасауда қолданған. Бұл ою-өрнек түскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, сәулет өнерінде кездеседі.

«Сынықмүйіз», «сыңарөкше» ою-өрнектері малдың сынық мүйізіне ұқсайтын, төрт рет ішке қарай иілген элемент. «Сынықмүйіз» ою-өрнегін кілемдерді, шымшилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі бұйымдарды безендіру үшін қолданған. Дүниежүзінде «сынықмүйіз» элементі меандр элемент түрінде гректердің және т.б. халықтардың қолөнерінде кездеседі.

«Бұғы», «бұғымүйіз» ою-өрнектері сақ (скиф) кезеңдерінен шынайы немесе стилизацияланған түрлері ағаштан ойылып жасалып ат-әбзелдерді безендірген. Бұғы, бұқа ғұндар мен түркілердің тотемдері болған бұл жануарлар күш пен биліктің символы. Сақтар (скиф) б.з.б. бұғы, елік, ақбөкеннің кескіндемелерін былғарыдан, киізден жасап, тоқымдар мен саркофагқа бейнеленген. «Аң стиліндегі» бұл кескіндемелер Пазырық, Тұяқты қорғандарынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды.

Үй жұмысы: Аңның дене мүшесіне байланысты оюды иллюстрациялау.