Top
a

1-сынып. Композиция Сабақ № 4

1-сынып.  Композиция

Сабақ № 4

Тақырып: Аңның дене мүшесіне байланысты ою-өрнектер.

«Арқармүйіз» ою-өрнегі арқардың мүйізін тұспалдайды. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді. Кілем, түскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі. Сақтар (скиф) арқар, таутекенің шынайы бейнесін былғары, киізден жасалған тоқымдар мен ат-әбзелдерге пайдаланған. Бұл кескіндемелер II Башадыр және II Тұяқты қорғандарында табылды.

«Сыңармүйіз», «қосмүйіз», «қошқармүйіз» ою-өрнектерінің тек бір жақ сыңары ғана бейнеленеді. «Сыңармүйіз» элементі сақтардың (скиф) киіз бұйымдары мен түкті кілемдерінің шетіне жиектеліп салынған. Шебер орналастырған «сыңармүйіз» ою-өрнегі композицияда дараланып тұрмай, жымдасып келеді. Бұл элемент үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. өңіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі.

«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйізі мен қолтық тұсынан құлағы шолақ мүйіз тәрізденіп екі буын болып шығып тұрады. Ою-өрнекті анықтап қараған адамға қошқардың тұмсық пішіні бірден аңғарылады. Сақтар (скиф) «аң стилінде» қошқардың шынайы бейнесін қолданған. Бұл элемент текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бүйымдардың барлық түрінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бүл ою-өрнек түсті шүберектерден ойылып, құрақ және бастырма тәсілімен тігіледі. «Қошқармүйіз» элементі бақыт-береке, байлықтың және мал-жанның көбеюінің символы.

Үй жұмысы: Аңның дене мүшесіне байланысты оюды иллюстрациялау.