Top
a

1 – сынып. Кескіндеме Сабақ № 3

1 – сынып.  Кескіндеме

Сабақ № 3

Тақырып: Жылы реңдері басым қарама-қарсы түстерде натюрморт (гуашь)

Тапсырма: 2-3 заттардан құрастырылған натюрморт сал.

Тапсырманы орындау тәртібі:

1. Қойылым натюрмортты салу тәртібі бойынша  өзіңнің көз деңгейіңдегі мөлшерде қойылым көрінісін дұрыс қабылдап, эскизін орында.

2. Орындалған эскиз бойынша сызықтық перспективасы заңдылығын сақтай отырып үлкен формат бетіне қойылым көрінісін дұрыс орналастыр. Заттардың форма пропорцияларын өзара сақтай отырып, біртұтас жинақылығын көрсет.

4. Қойылымның түс бояуларының байланыстарын таба отырып, кеңістіктегі заттардың тональдік айырмашылықтарын жоғалтпа. Әр заттың жеке көлемдік формасын жағылым /мазок/ арқылы шығар. Жалпы қойылым түс бояуларының ерекшелігін ескере отырып, жекеленген детальдар түсін байланыстыр.

Үй жұмысы: берілген  натюрмортты сал