Top
a

1 – сынып. Кескіндеме Сабақ № 2

1 – сынып.  Кескіндеме

Сабақ № 2

Тақырып: Қысқа мерзімдік этюд, жарық жанынан түсті көріністі түс бояулары жақындасқан натюрморт (гуашь)

Этюд – қысқа мерзімдік этюд орындай отырып,  живопистік шеберлігін ұштай түсетін құрал.

Натюрморт — бейнелеу өнерінің бір жанры, ол бізді қоршаған ортадағы жансыз/үй бұйымдары, жеміс жидек, көкөніс/ жансыз нәрселерді бейнелейді. Натюрморт заттардың кеңістіктегі түс байланыстарын, көлемдік формаларын олардың колориттік және материалдық тұлғасын нақтылап көрсетеді.

Түстік байланыстар — кеңістіктегі бейнеленетін заттардың реңдік, түстік, тональдық, жарық-көлеңкелік байланыстарын айтуға болады. Бір заттан екінші затқа көлеңке жағынан түсіп тұрған жарық әсері рефлекс деп аталады. Жекеленген нәрселердің, заттардың кеңістік көлемінде нақты өзіндік түстері түсетін жарық күшіне байланысты өзгереді. Сондықтан этюдті орындағанда қойылымдағы заттардың түс байланыстарын белгілі бір пропорциялық тұрғыда сақтау керек.

Бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=14723859578535082497&from=tabbar&text=авакадо+гуашью

Үй жұмысы: Үйде қысқа мерзімді этюд жеміс – жидек салу.