Top
a

1 – сынып. Қолөнері пәні Сабақ № 4

1 – сынып.  Қолөнері  пәні

Сабақ № 4

Тақырып: Папье – маше

Папье – маше – желім қосылған суға қағазды қатты материал бетіне жапсыру арқылы немесе көлемді зат бейнесін жапсырмалап орындалатын жұмыс.

Жұмыс кезінде қағаз, желіммен басқа гипе және басқа да қосымша материалдарды пайдаланады

Папье –шамамен жұмысқа керекті үлгіні алу үшін жайпақ табақша, кесе, түрлі геометриялық денелерді пайдалануға болады.

Папье – маше жұмысын орындау.

Табақшаның сыртына бірінші жапсырылатын қағазды желім қосылмаған таза су жібітеміз. Сонда жұмысты толық аяқтап, кептіргеннен кейін, табақшадан бөліп алу оңай болады. Алғашқы жапсырылған қағаз үстіне 5-7 қабат желім араластырылған суға жібітілген қағаз жапсырылады. Ең соңғы қабатын ақ қағазбен тегіс, біркелкі етіп жапсырмалайды. Қағаз желімденген кезде кедір-бұдырсыз тегіс жапсырылуы тиіс. Қағаз арасында ауа қалмауы керек. Жапсырмаланып болған папье – машені ыдысымен қоса кептіруге қояды.

Жақсы кептірілген папье-машенің қатпарларын зімпара қағазбен тегістейді.

Дөңгелек жиектерін қайшымен қияды. Акварель бояумен жалпақ табақшаны өз қалауыңша түрлендіруіңе болады.

Бейнебаян: https://yandex.kz/video/preview/?filmId=1714230458479724577&text=папье-маше+тарелка&where=all

Үй жұмысы: Тарелке жасау.