Top
a

Қашықтықта өткізілетін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған дәстүрлі ән және эстрадалық вокал байқауы

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебі қашықтықта өткізілетін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған дәстүрлі ән және эстрадалық вокал байқауы өтетіндігін хабарлайды.

Ұйымдастырушылар:
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі
Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Өнер мектебі

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ: Халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбаевтың өлеңдері мұрасына қызығушылығын арттырып, оқып – білуге, тануға ынталандыру.

БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ
Жұмыстарды қабылдау: 2020 жылдың 6 сәуір мен 25 сәуір аралығында
Қорытындылау: 2020 жылдың 30 сәуір

Байқауға 8-16 жас аралығындағы оқушылар арасында өткізіледі;
1) кіші топ 8-10 жас
2) орта топ 11-13 жас
3) жоғары топ 14-16 жас

Оқушыларға қойылатын талаптар:
1) Дәстүрлі ән жанры бойынша аспаптың сүйемелдеуімен Абай әндерінен бір ән орындайды.
2) Эстрадалық вокал жанры қатысушылар эстрадада Абай әндерінен бір ән орындайды. Ән жанды дауыста айтылу қажет.

Бағалануы:
Әнді орындау шеліктері.
Актерлік шеберлігі.
Ұлттық аспапта ойнау шеберлігі.

Байқауға қатысушылардың электронды өтініштері мен бейне жазбалары
2020 жылдың 25 сәуіріне дейін oner_mektebi_2@mail.ru почтасына қабылданады;