Top
a

Қалалық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты қашықтықтан өтетін кино байқауының Ережесі

Байқаудың өтілу күні: 31 наурыз 2023 жыл

Өткізілетін орны:          № 2 Өнер мектебі 

Уақыты:                          10.00-15.00

Ұйымдастырушылар:  Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы

                                           № 2 Өнер мектебі

Қатысушылар:                Астана қаласы  жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 14-17 жас аралығындағы білім алушылары

Шақырылғандар:          Астана қаласы  әкімдігінің Білім 

                                           басқармасының өкілдері, мектеп директорлары 

                                           мен тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, 

                                           БАҚ өкілдері

Мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру, дарынды балалар мен жастарды қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері: балалардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау;

Өнегелі, рухани және отбасылық құндылықтарды экран арқылы 

насихаттау;

Шығармашылық тұлғаның өз ойын білдіру тәсілдерінің бірі ретінде    

фильмдер, жарнамалар, репортаждар жасау процесін ынталандыру.

Кино байқауды өткізу шарты және тәртібі

Байқау екі кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең қалалық байқау;

Екінші кезең (қорытынды) – республикалық фестиваль. 

Қалалық кино байқаудың жеңімпаздары Республикалық кино фестиваліне жолдама алады.

  • Кино байқауға әр мектеп 8 номинация бойынша жұмыстар жіберу керек. 
  • дәстүрлі немесе сандық технологиялардың (видео, фотокамера, ұялы телефон) көмегімен түсірілген 3 минутқа дейінгі қысқа метражды фильмдер түсірілу керек. 
  • Байқауға бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды.
  •  www.youtube.com каналында MP 4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтемелерді (бейне сапалы, тоқтаусыз бір роликпен жазылуы керек. Әр түрлі үзінділерден «кесінділерге» жол берілмейді) өтінішпен бірге жіберілу керек.

Байқау төменгі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) үздік фильм  – нақты оқиға негізінде алынған, адамдар, жағдайлар туралы шығарма;

2) ойынды кино – операторлық және режиссерлік, актерлік ойындар өнері көмегімен түсірілген сюжетті (ойдан  шығарылған немесе нақты оқиға желісі бойынша) шығарма; 

3) STOP-MOTION-видео – технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма. Таңдап алынған видеодан немесе фотокамерадан түсірілген кадрларды тізбектей монтаждалатын ролик;

4) өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім – қалың  көрермен аудиториясының назарын қоғам мәселелеріне аудару үшін қысқа жарнамалық хабарлама;

5)  музыкалық клип – компьютерлік өңдеудің және жаңа видеотехникалық құрылғылардың көмегімен түсірілген авторлық көркемдік концепция видеосы;

6) телевизиялық сюжет – ел өмірі, ішкі және халықаралық саяси оқиғалар және т. б. туралы қысқаша ақпаратты қамтитын кинохрониканың бір түрі;

7) киножурнал – қазіргі өмірді бейнелейтін жеке эпизодтар, көріністер бар қысқа метражды фильм;8)  ғылыми кино ғылыми-зерттеу, ғылыми-көпшілік, оқу киносы.


 Байқау жұмыстары келесі бағалау өлшемдері бойынша бағаланады:
1) фильмде тарихи, көркем және мәдени мұраны көрсетудің толықтығы;
2) тақырыпты ашу тереңдігі, танымдығы, мәдени құрамдастығы;
3) өзектілігі, эмоционалдық әсері;
4) режиссерлік және операторлық өнері (түсірілімнің күрделілігі, техникалық сапасы, бейнесуреттің анықтығы және дыбыстың сапасы, монтаждау өнері);
5) музыкалық сүйемелдеу;
6) сценарийлік жұмыс.

 Байқау жұмыстарының мазмұнына қойылатын талаптар: 

-фильмнің мазмұны тақырыпты ашуы;

-өмір, жұмыс, балалардың қызығушылықтары, олардың армандары;

-салауатты өмір салтын насихаттау;

-мейірімділік және қайырымдылық таныту;

-ұрпақтар диалогы; 

-қоршаған орта экологиясы және оны қорғау; 

-отансүйгіштік қасиеттерді таныту және өз тілін үйренуге қызығушылық;

-әлеуметтік мәселелерді шешу идеялары.

Байқау жұмыстарын ресімдеу талаптары:

Видеоның форматы: mp4 (16:9 көлденең түсірілген видео). Жұмыста видеофильмдерден алынған видео, фото, интервью, блиц-сұрақтар, көркем суреттер, титрлар мен субтитрлар, фрагменттер, музыка, кадр сыртындағы дыбыстар, видеофильмдерден алынған фрагменттер қолданылады. Жұмыстың қысқаша сипаттамасында немесе титрде фильмде қолданылған материалдардың авторлары көрсетілуі тиіс. Байқауға бір автор бір фильмнен артық ұсына алмайды. Байқауға ұсынылған фильмдер қайтарылмайды. Ұсынылған фильмнің дыбысталуынан немесе бейнеленуінен ақауы бар материалдар байқауға жіберілмейді.Фильм өзге автордың құқығын бұзбауы тиіс. 

Фильмнің мазмұны Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келетін, азаматтардың құқығы мен намысына тиетін, ұлттық, діни, нәсілдік ымырасыздыққа шақыратын элементтер  болмауы тиіс.  Байқаудың ұйымдастырушылары байқауға қатысқан жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдарында авторды көрсете отырып жариялауға құқылы. 

Өтініш пен фильмдерді және www.youtube.com каналында MP 4 форматында орналастырылған бейнежазбаларға сілтемелерді, қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін

 №2 Өнер мектебінің  oner_mektebi_2@mail.ru электронды почтасына  2023 жылдың 20 наурызына дейін тапсыру керек. Өтініш төмендегі (2 қосымша) үлгі бойынша толтырылу қажет. 

Жеңімпаздар Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Барлық дипломдар 04 сәуірге дейін жетекшілердің эл почталарына жіберілетін болады.

Ұйымдастыру комитетінің өкілдері:  А.Қуанышева-87024412811  Ұ.Асанова, Ж.Тәңірберген, Г.Қайрбекова – 87024861695., 

                                                               № 2 Өнер мектебі

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық 13, ЖК Нұрсая-2

тел: 26-62-47;

E-mail: oner_mektebi_2@mail.ru

2 қосымша

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» 

балалар киносының қалалық фестиваліне қатысуға өтінім

балалар киносының қалалық фестиваліне қатысуға өтінім

Жұмыс атауыОрындаушының Т:АТуған күні
тұрғылықты мекен-жайы, электрондық пошта, телефонБілім беру ұйымы, сыныпЖетекшініңбайланыс телефоны, электрондық поштасы
1 «Үздік фильм»







2 «Ойынды кино»







3 «STOP-MOTION-видео»







4 «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім»







5 «Музыкалық клип»







6 «Телевизиялық сюжет»







7 «Киножурнал»







8 «Ғылыми кино»







өтінішке қоса жіберіледі: 

1) өтінім, қатысушылар туралы мәліметтер (Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекен-жайы, телефоны); 

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;3) www.youtube.com каналында MP 4 форматында орналастырылған бейнежазбаға сілтемелер (бейне сапалы, тоқтаусыз бір роликпен жазылуы керек. Әр түрлі үзінділерден «кесінділерге» жол берілмейді).