Top
a

Қазақ музыка әдебиеті. 4 сынып Сабақ №3

Қазақ музыка әдебиеті, 4 сынып

Сабақ № 3

Тақырыбы: Нұрғиса Тілендиевтің  шығармашылығы.

         Н.Тілендиев (1925-1998) қазақ топырағындағы ежелгі Қорқыт, Асанқайғы, Кетбұға, бертінгі – Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина,Тәттімбет секілді ұлы композиторлар, сазгерлердің музыкалық дәстүрін өткен ғасырда (ХХ ғ.) тамаша дамытып, өз үлесін кейінгі ұрпаққа мәңгілік мұра ретінде қалдырған айрықша талант.

Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Іле ауданының Шіліккемер ауылында дүниеге келді. Дарынды композитор, дирижер және домбырашы.

Ол фольклорлық – зтнографиялық «Отырар сазы» оркестрін құрып, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды.

Жеті жасында Жамбыл атаның домбырасын сыйға алыпты. Әкесі Тілендінің күйшілік, шешесі Салиқадан әншілік қасиеттерін жастай бойына сіңіріп, ел әлдилеген ән-күйдің ортасында жүріп домбырада  алуан түрлі тамаша орындаушылық әдістерді үйреніп, меңгеріп өсті. Арман жетелеген Нұргиса Алматыға келді, П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсіп, Латиф Хамидидің баулуымен дирижер болып шықты. А.Жұбанов пен домбырашы Темірбек Ахметов оның талантын тани біледі. Н.Тілендиев он екі жасында Құрманғазы оркестрінде концертмейстер, он төрт жасында дирижерлік мінбеге шығады.

Он жеті жасында Отан соғысына қатысады. Соғыс бітіп, бейбіт өмір орнағаннан кейін, елге аман есен оралады. «Әке туралы жыр» Ж.Жабаевқа арнап жазылған. «Ата толғауы» күйі ақынымыз Жамбыл Жабаевқа арналып жазылған. «Баламышқа» татардың би әуені Л.Хамидиге арналған. Сонымен қатар, Нұрғиса көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге мемлекеттік хор капелласы «Абай арманы» атты вокальды поэма жазды. Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасында айтылатын «Куә бол» әнін де жазған.  Сүйген жары Дариғаға арнап «Көңілді бикеш» шығармасын жазды. «Қарлығаштың қүйрығы неге айыр?», «Қырық өтірік», «Ақсақ құлан» сияқты мультфильмдер, «Менің атым Қожа», «Көксерек», «Құлагер»  сияқты 25 көркем фильмге музыка жазды. Н.Тілендиев 400 ән жазыпты. Олардың ішінде «Өз елім», «Алатау», «Саржайлау» «Құстар қайтып барады» әндері бар. Оның «Көш керуен», «Ата толғауы», «Аққу», «Әлқисса» т.б. күйлері қазақтың музыкасындағы 20-шы ғасырдағы үздік туындылар болып табылады. Н.Тілендиевтің өнері, қалдырған асыл музыкасы халқының құлағында мәңгі қалды.

Мелодия-әуен деген сөз. Нұрғиса асқан әуенші композитор. Оның әуеншілігінің қасиеті терең тамырлылығында, жасыл жайлау, көш керуен, сыңғырлаған  қыз шолпысы,  ана қуанышы тәрізді жылылық  сезімдер, жалпылай  айтқандаелдің  тұрмыс тіршілігі, майда қоңыр әуендермен сөзсіз жетелейді .

Тыңдалым: https://www.youtube.com/watch?v=SCrvamfVZKA

Үйге тапсырма: Н.Тілендиев: «Аққу» күйінің шығуы тарихын жаз.