Top
a

Қазақ музыка әдебиеті. 4 сынып Сабақ № 2

Қазақ музыка әдебиеті, 4 сынып

Сабақ № 2

Тақырыбы:Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығы

Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы мамыр айында Жезқазган облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Қобызшылық өнер Ықыласқа өзінің арғы аталарынан дарыған екен. Әкесі Дүкен, оның әкесі Алтынбек және оның арғы аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы үніне сенген. Ықылас өзінің шебер орындаушылық және композиторлық дарынымен қобыздың өлмес аспап екендігін дәлелдеп артына өшпес мұра қалдырған.  Оның шығармаларындағы күй иірімдері мен сарындылығы біртұтастығын көрсетеді. Оның шығармалары « Жез киік», «Ерден», «Аққу», «Қазан», «Қоңыр», «Шыңырау», «Айрауықтың ащы күйі», «Кертолғау», «Қасқыр», «Қаншайым», «Бозторғай», «Жалғызаяқ» т.б.

Қылқобыздың абызы атанған Ықыластың артында қасиетті аспаптың мәңгілік үкілі үні, сырлы сазы қалды. Өнерді тану бір құрмет болса, шын шеберді бағалау бұл нағыз ерлік. Ал, ерліктің артында қасиетті Елдік бар. Елі барда өнердің өлмесі, жұрты барда тұлғаның жоғалмасы ақиқат. Киелі қобыздың шебері — Ықылас Дүкенұлы осындай кемеңгер тұлға.

Тыңдалым:https://www.youtube.com/watch?v=oFUFeDMbyUA

 Деректі фильм. «Ықластың өмір» https://www.youtube.com/watch?v=2MgrZ3VQLaw

Үй тапсырмасы:Қыл қобыздың суретін салу және күйлерді тыңдау.