Top
a

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ №1

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып

Сабақ № 1

Тақырыбы:  Дәстүрлі ән мектебі

Халқымыздың рухани өміріндегі күрделі де өзіндік ерекшелігі мол асыл мұраның бірі ән-өнері, әншілік дәстүр. Ән өнері-адам сезіміне, қоғам толғанысына, халық тағдырына сергек үн қосатын рухани үрдіс. Дүние тіршіліктің үлкенді-кішілі барша құбылысына ең алдымен ән өнері қолқанат болғандай. Ән өнеріміздің тек қана музыкалық бітіміне назар аударып қоймай оның тарихи түп-тамырына ден қойып, халықтың –қатпарлы өмір жолындағы белгі нышандарын болжауға көңіл аударған абзал.

         Бүгінгі таңда қазақтың ән өнері аймақтық сарындарына қарай дәстүрлі мектептерге бөлінеді.

  1. Қазақстанның Орталық және Солтүстік өңіріне тән әншілік мектеп.
  2. Қазақстанның Оңтүстік және Жетуісу өңірін қамтитын әншілік мектеп.
  3. Қазақстанның Батыс өңірін қамтитын әншілік мектеп.
  4. Сыр бойының әншілік-термешілік мектебі.
  5. Қазақстанның Шығыс өңіріне, Баян Өлгей мен Алтай, Тарбағатай өңіріне тән әншілік мектеп.

Бұл жіктеулер музыкалық өлшемді дәлелдермен де, естір құлақтың талғам-танымымен де, өзіндік бітім қасиеттері жеке –жеке әуен сазын, қайырым нақышын айқын айғақтай алады. Алайда, осынау бес отау әншілік өнеріміз кең ауқымда қамтылып, типологиялық ауқымымен саралағанын қаперде ұстаған жөн. Себебі, бұл бес мектеп өз іштеріндеде әр алуан әнші композиторлардың дарын қуатымен әр түрлі сала құрап, сан тарау үлгі танытып, өркен жайып жатады. Мәселен, Қазақстанның Орталық және Солтүстік өңірінде ғұмыр кешіп, ән өнерінде өзіндік із қалдыра білген Абай,  Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Ғазиз т.б. сынды бір туар дарындар, бірте-бірте мейілінше ұқсамайтын оқшау бітімдегі әнші-композиторлар

Тыңдалым: https://www.youtube.com/watch?v=yOWv2WryPZE

Тапсырма:  Үйде дәстүрлі әншілер жайлы мәлімет оқу.