Top
a

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып Сабақ № 2

Қазақ музыка әдебиеті, 3-сынып

Сабақ № 2

Тақырыбы:  Арқа  мектебі

Арқа мектебі –қазақы әншіліктің мейлінше дамыған саласы болып табылады. Арқа мектебінің өкілдері деп –Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Майра Уәлиқызы, Шашубай, Тайжан т.б. саңлақтарды атауға болады. Арқа әндері біркелкі еркін ырғақпен айтылады, диапозоны мейлінше кең болады. Арқа әндерінің кәсіби мектебін жасағандар – Ж.Елебекеов, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосыновтар, бұлардан өзге, ән өнерінде ерекше із қалдырған Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Қ.Бабақов, Қ.Лекеров, Б.Жылқыбаев, М.Ержанов,  Ж.Омарова, Р.Есімжанова, Р. Қойшыбаева, М.Көшкінбаев, И.Әлібаев,    Ж.Қартабаева, Л.Сүйіндікова, М.Ешекеевтердің  атын атай аламыз.

Арқа мектебінің көрнекті өкілі, әнші, ақын, компазитор Біржан сал.

Біржан сал әншілік, ақындық, орындаушылық өнерде де өз үн-бояуымен, өз әуенімен жеке-дара өнерпаз болғандықтан, оның айналасына халықтың таңдаулы ақын, әншілері, өнерпаздары топталып, ақынды ұстаз тұтқан. Бұлардың бір тобы Біржан салдың әншілік, ақындық, композиторлық өнерін өздерінің шығармашылығы арқылы дамытса (Жаяу Мүса, Акан сері, Қанапия, Балуан Шолақ, Үкілі ЬІбырай т. б.), енді бірқатары оның ән шығармашылығы, орындаушылық өнерін, халық арасына кеңінен таратушы, насихаттаушы болды (Құлтума, Жарылғапберді, Ғазиз т. б.). Біржан салдың ізін қуған осындай өнерлі адамдар арқылы біздің заманға оның 44-ке жуық әні жетті. Біржан сал әнші-композиторлығымен қатар талантты әрі дарынды суырып салма ақын да болған (Біржан мен Сара айтысы т. б.). Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Доскей сияқты ақындар жалғастырды. Кеңестік заманда әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржанның жырларын, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырды. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бірқатар зерттеулер де жазылды.

БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕ.

1834- Қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекші ауданы, Ермол деген жерде туған.

25 жас -Ән шығара бастаған

1865- Ұлы Абаймен кездеседі

1871- Жетісуға келіп, Сара ақынмен айтысады.

1897- Дүниеден өтеді.

Тыңдалым:  https://www.youtube.com/watch?v=hT79BCdz4v8

Үй тапсырмасы:Әндерін тыңдау.