ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы би өнері. Рамазан.Ж.
Тақырыбы: ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы би өнері
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:Оқушыларға ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы түсінік беру
САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ:
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше ізденуге, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, ойын, тілін дамыту.
Білімділік: Оқушылардың би әуендерін сезіну, түсіну қабілеттерін және есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ертедегі қазақ билері киіз үйлердің ішінде биленетін болғандықтан, алуан түрлі қимылдармен қатар бет — әлпет құбылулары арқылы да бейнеленген. Музыка сауаты. Бет — әлпеттің құбылуы «мимика» деп аталады. Би белгілі бір әуендермен, күйлермен сүйемелденеді. Мысалы, «Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қамажай», «Киіз басу», «Ортеке», «Аққу» билері. ХІХ ғасырда Рахымберді биші шөктірілген түйенің үстінде секіріп жүріп билеген. Ол билегенде халық әуенінің ырғағымен бірге теңселіп, әндетіп отырған. Ал, ХХ ғасырдың басында диуана атанған Зәрубай биші «Қоянды» жәрмеңкесінде қоян болып киініп, «Қоян» биін үстел үстіне қойылған кеселер арасымен ептілікпен секіріп, қол — аяғын тигізбей шебер орындаған. Қазақтың тағы бір биі «Ұтыс»
Белгілі биші Рахым Асылбекұлы «Қаражорға», «Ортеке» билерін шебер орындаған.
Қыздарға арналған қол қимылдарының түрлері:
Қазақтың би өнері жайында сөз қозғағанда, оның ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән — күйлерімен, дәстүрлі тұрмысы — салтымен біте қайнасып келеді. Би өнерінің де ата — бабадан қалған мәдени мұраның аса маңызды бөлігі ретінде қазақ қоғамымен бірге жасасып, оның рухани өміріне азық болғанын аңғарамыз. Ел арасында сақталған билердің өзінен – ақ халықтың өткендегі өмір салты, істеген кәсібі, оның айналадағы ортаға көзқарасы көрініп тұрғандай. Бүгінгі сабағымыз «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы би өнері» деп аталады. Би — музыка өнерімен сабақтас сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақтың би өнері ерте заманнан бастау алып, күні бұгінге дейін жалғасып келеді. Би өнері халқымыздың салт — дәстүрі, тұрмыс — тіршілігіне байланысты туындаған. Қазақтың ежелгі би өнері жайлы ертегі, аңыз, дастандарда айтылады.
Сабақты қорытындылау : cұрақ – жауап
Оқушылардың жаңа тақырыптан түсінгендерін тексеру сұрақтары:
а) Қазақ билері неге байланысты туындаған?
б) Қазақ билері жайлы не білесің? в) «Мимика» дегеніміз не?
Сабақты қорытындылау : cұрақ – жауап
Оқушылардың жаңа тақырыптан түсінгендерін тексеру сұрақтары:
а) Қазақ билері неге байланысты туындаған?
б) Қазақ билері жайлы не білесің? в) «Мимика» дегеніміз не?